Өзін-өзі тексеруге арналған бақылау сұрақтары
1. Нотариаттық қызмет субъектілері
2. Нотариустың құқықтары
3. Нотариустың міндеттері
4. ҚР нотариатының жүйесі
5. Нотариат қызметінің түсінігі
6. Нотариус лицензиясы
7. Нотариаттық іс-əрекеттерді жүзеге асыру
8. Ақшаны депозитке қабылдау
9. Мұрагерлікке құқық туралы куəліктер беру
10. Нотариаттық қызметтің кепілдіктері
11. Жекеше нотариустың қызметін сақтандыру
12. Нотариаттық қызмет жүйесі
13. Нотариаттық қызмет қағидалары
14. Қанша уақытқа сынақтан өту мерзімі қысқартылады
37
4-ТАРАУ
НОТАРИУСТАРДЫҢ ІС-ƏРЕКЕТІН ҚАДАҒАЛАУ
4.1. Нотариустардың іс-əрекетін қадағалау
4.2. Əділет органдарының құқықтық жағдайы
4.3. Нотариалдық палатаның түсінігі жəне өкілеттілігі
4.4. Республикалық нотариалдық палата жəне оның құқық-
тық дəрежесі
4.5. Нотариалдық палатаның жарғысы
4.1. Нотариустардың іс-əрекетін қадағалау
Жасалған нотариаттық iс-əрекеттердiң заңдылығын жəне мем-
лекеттiк нотариустың жəне аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң,
ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң əкiмi аппаратының
лауазымды адамдарының iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды
аумақтық əдiлет органы жүзеге асырады. Жеке практикамен ай-
налысатын нотариустың жасаған нотариаттық iс-əрекеттерiнiң
заңдылығын жəне iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды
аумақтық əдiлет органы мен нотариат палатасы жүзеге асырады.
Бақылауды жүзеге асыру тəртiбiн Қазақстан Республикасының
Əдiлет министрлiгi Республикалық нотариаттық палатамен бiрлесiп
белгiлейдi. Нотариустың жəне аудандық маңызы бар қалалар,
кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер əкiмдерi
аппараттарының лауазымды адамдарының салық заңдарын сақтауын
бақылауды Қазақстан Республикасы салық қызметiнiң органдары
жүзеге асырады. Нотариустың заңсыз жолмен алынған кірістерді
заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға
қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын
сақтауын бақылауды аумақтық əділет органы жүзеге асырады.
Əдiлет органы мен нотариаттық палатаның лауазымды адамда-
ры нотариус қызметiн тексеру кезiнде мəлiм болған нотариаттық iс-
əрекеттер жасау құпиясын сақтауға мiндеттi. Құпияны жария еткенi
жəне нотариусқа келтiрген зияны үшiн бұл адамдар Қазақстан
Республикасының заңдарына сəйкес жауап бередi.
Нотариаттық қызметтi жүзеге асыруға кiрiскен жекеше
нотариустың жұмысын тексеру ол нотариаттық iс-əрекеттi жүзеге
38
асыра бастағаннан кейiн кем дегенде алты айдан кейiн жəне бiр
жылдан кешiктiрiлмей жəне одан кейiн əрi кеткенде жылына бiр рет
жүргiзiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |