40
жағдайларда мемлекеттiк нотариатты оңтайландыру жөнiндегi iс-
шараларды жүзеге асырады.
Аумақтық əдiлет органы нотариаттық палатамен бiрлесiп:
1) нотариаттық округтегi жекеше нотариустардың қызмет
аумағын белгiлейдi;
2) Əдiлет министрлiгiне бекiтуге нотариаттық округтегi
нотариустардың саны туралы ұсыныс енгiзедi;
3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған
адамдардың резервiн қалыптастырады жəне жекеше нотариустың
бос орнына орналасу үшiн конкурстық iрiктеудi жүргiзедi;
резервтi қалыптастыруға арналған құжаттар нотариаттық палатаға
ұсынылады жəне сонда сақталады;
4) нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған жағдайда
нотариаттық iс-əрекеттер жасауды ұйымдастырады;
5) нотариустарға əдiстемелiк жəне практикалық көмек көрсетедi;
6) нотариаттық практиканы қорытады;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың жекеше нотариустардың iс-
əрекеттерiне өтiнiштерiн қарайды;
8) жеке практикамен айналысатын нотариус жасайтын нота-
риаттық iс-əрекеттердiң заңдылығына жəне оның iс жүргiзу
ережелерiн сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады;
9) нотариаттық қызметтi жүзеге асыратын жекеше нотариустарға
аттестаттау жүргiзедi.
10) тиiстi нотариаттық округте қызметi тоқтатылған нота-
риустың жеке мөрiн жою жəне құжаттарын басқа нотариусқа не-
месе жеке нотариаттық мұрағатқа беру жөнiндегi, сондай-ақ егер
нотариус лицензиясының күшi тоқтатылған жағдайда лицензиарға
беру үшiн лицензияны алып қою жөнiнде шаралар қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: