36
заңды тұлғалардан нотариаттық іс-əрекеттер жасауға қажетті
құжаттар мен мəліметтер талап етуге;
6. Ғылыми, педагогтік жəне шығармашылық қызметпен айна-
лысуға, соның ішінде жалдау шарты бойынша айналысуға құқылы.
Нотариус:
1. ҚР-дың Нотариат туралы Заңының жəне ҚР-дың нотариат
қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерінің та-
лаптарына сəйкес нотариаттық іс-əрекеттер жасауға;
2. Азаматтарға жəне заңды тұлғаларға құқықтар мен міндеттерді
түсіндіруге, олардың заңды білмегендігі өздеріне зиян келтіруге
пайдаланылуы мүмкін болмауы үшін, жасалған нотариаттық іс-
əрекеттерінің салдарлары жөнінде ескертуге;
3. Кəсіптік қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі
болған мəліметтерді құпия ұстауға;
4. ҚР-дың заңдарына сəйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс-
əрекеттер жасаудан бас тартуға;
5. Кəсіптік əдепті сақтауға;
6. Əділет органына жəне нотариаттық палатаға өз іс-əрекеттеріне
түскен шағымдар бойынша өзі жасаған нотариаттық іс-əрекеттер ту-
ралы мəліметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке
түсініктемелер, оның ішінде кəсіптік əдеп талаптарын сақтамау
мəселелері жөнінде түсініктемелер беруге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: