3.2. Нотариалдық округ
Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» заңының
20 бабында: «Қазақстан Республикасының əкiмшiлiк-аумақтық
бөлуiмен сəйкес нотариалдық округ бiр ауданның аумағы,
республикалық дəрежедегi қала жəне басқала аумағы болып табы-
лады», – делінген. Мемлекеттiк нотариустың қызметiнiң аумағы
нотариалдық округтің шегінде, аумақтық əдiлет басқармасымен
анықталады, ал жеке нотариустың қызметіне байланыстысы –
аумақтық əділет басқармасы нотариалдық палатамен бiрлесiп
талқылауда анықталады. Нотариустың қызметiнiң аумағының
қолдану ережесі мұраларға сенімді басқарушыны тағайындауға
қатысты нотариалдық қызмет көрсету, мұра құқығы туралы куəлiк
қағаздар беру, жұбайлар жəне басқа тұлғалардың дүниесiндегi
еншiге меншiк құқығы туралы куəлiк қағаз беру, ортақ дүниеге
бiрлескен меншiктік құқығы болу, сонымен бiрге жатсыну
келісімшарттарының қатынасы жəне тіркеуге жататын дүниенiң
кепiлдiгi туралы келісімі, өйткені тиісті құжаттарды тіркеу сол
дүние тұрған жерге байланысты сақталады.
Нотариалдық қызметті iске асыруы үшiн барлық өзге жағдайларда
жеке жəне заңды тұлғалар кез келген нотариусқа жүгінуге құқылы.
Əрбiр нотариустың өз нотариалдық округi шектерiндегi жұмыс
орны (бюро, кеңсе) болуы тиіс. Нотариус жұмыс орны оған жүгінгісі
келген барлық азаматтарға ашық болуы тиіс. Нотариус қызметiнiң
аумағы əдiлет басқармасы жəне нотариалдық палатаның бiрлескен
28
шешiмiмен өзгертiле алады. Нотариус басқа округке оны iске асыру
үшiн шығуға құқығы жоқ. Нотариус егер де өз нотариалдық округiнiң
шектерiне нотариалдық қазметте болса, онда оның заңдық күшi
болады; алайда, бұл – ереже емес, ерекшелiк. Басқа нотариалдық
округке шығу қажеттілігі туған жағдайда, онда нотариус болмаса
немесе өте қажет болған жағдайда заңмен рұқсат етiледi.
Нотариалдық қызмет жасау құқығына ие болған тұлғалар.
Нотариалдық қызметті мемлекеттiк нотариалдық кеңселерде
жұмыс істеушілер немесе дербес тəжiрибемен шұғылданатын но-
тариустар атқара алады. Ал, егер елдi мекенде нотариустар болма-
са, нотариалдық қызмет аудандық маңызды қалалар аппаратына,
ауыл жəне ауылдық округтерінің əкімдеріне, нотариалдық қызметті
атқаратын атқарушы уəкіл, Қазақстан Республикасының атынан
консулдық функцияны атқарушылар жəне нотариалдық қызметті
заңмен іске атқарушы басқа да тұлғаларға артылады.
Бұл iсті асыруда нотариалдық қызметтi бұл органның аппа-
ратының лауазымды тұлғаларының бiрiне өкiметтiң атқарушы орга-
нын шешiмiмен тапсырылады.
Аталған уəкiлеттi лауазымды адамы мынадай нотариаттық iс-
əрекеттер жасайды:
1. Өсиеттердi куəландырады;
2. Сенiмхаттарды куəландырады;
3. Құжаттар көшiрмелерiнiң жəне олардан алынған үзiндiлердiң
дұрыстығын куəландырады;
4. Өтiнiштерге қойылған қолдың түпнұсқалығын куəлан-
дырады;
Ал консулдық қызметтi жүзеге асыратын лауазымды адам мына-
дай нотариаттық iс-əрекеттер жасайды:
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымай-
тын мүлiктi иелiктен алу туралы шарттардан басқа мəмiлелердi
куəландырады;
2.
Мұраға құқық туралы куəлiктер бередi;
3. Ерлi-зайыптылар мен ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы
мүлкi бар өзге де адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы
туралы куəлiктер бередi;
4. Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң
дұрыстығын куəландырады;
5. Құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куəландырады;
6. Құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының
дұрыстығын куəландырады;
29
7. Азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куəландырады;
8. Азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куəландырады;
9. Құжаттар берiлген уақытты куəландырады;
10. Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке жəне
заңды тұлғаларға бередi;
11. Ақшаны депозитке қабылдайды;
12. Сақтауға құжаттар жəне бағалы қағаздар қабылдайды;
13. Теңiз наразылықтарын жасайды;
14. Дəлелдемелердi қамтамасыз етедi.
Демек, нотариалдық қызметтері жалпылама барлық іс-əрекеттерді
жасай алады.
Аталған іс-əрекеттерден басқа, жеке тұлғалардың өтініші бой-
ынша, кез келген жерде өсиеттер мен сенімхаттар да куəландырылу
мүмкін, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы жағдайлар
бөлек қарастырылып аталған. Олар:
1. Ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу
мекемелерiнде емделiп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектер
үйлерiнде тұрып жатқан азаматтардың, осы ауруханалардың,
санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнiң бас жəне
кезекшi дəрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен мүгедектер үйлерiнiң
директорлары, бас дəрiгерлерi куəландырған өсиеттерi;
2. Госпитальдарда, санаторийлерде жəне басқа да əскери-
емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан əскери қызметшiлер мен
басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа
да əскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың медициналық
жағынан орынбасарлары, аға жəне кезекшi дəрiгерлерi куəландырған
өсиеттерi мен сенiмхаттары;
3. Əскери қызметшiлердiң, ал нотариустары мен нотариаттық
iс-əрекеттер жасауға уəкiлеттi лауазымды адамдары жоқ əске-
ри бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, əскери-оқу орын-
дары ның орналасқан пункттерiнде, сондай-ақ жұмысшылар мен
қызметшiлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң жəне əскери қыз-
метшiлердiң отбасы мүшелерiнiң осы бөлiмдер, құрамалар, меке-
мелер мен орындардың командирлерi (бастықтары) куəландырған
өсиеттерi мен сенiмхаттары;
4. Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас
бостандығынан айыру орындарының бастықтары куəландырған
өсиеттерi мен сенiмхаттары;
5. Жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының туы астын-
да жүзiп жүрген теңiз мекемелерiнде немесе iшкi суларда жүзiп
30
жүрген кемелердегi азаматтардың осы кемелердiң капитандары
куəландырған өсиеттерi;
6. Барлау жəне басқа да экспедицияларда жүрген азаматтардың
осы экспедициялардың бастықтары куəландырған өсиеттерi;
7. Халықты əлеуметтiк қорғау мекемелерiнде тұрып жатқан
кəмелетке толған жастағы iс-əрекет қабiлетi бар азаматтардың
осы мекемелердiң немесе халықты əлеуметтiк қорғаудың тиiстi
органының басшысы куəландырған сенiмхаттары.
Осы жағдайларда куəландырылған өсиеттер, міндетті түрде сол
округтің жақын нотариусына жеткізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |