Оқулық «Нотариат туралы»


 Уəкiлеттi лауазымды адамдармен жəне консулдық



Pdf көрінісі
бет19/105
Дата22.11.2022
өлшемі1,04 Mb.
#51642
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   105
5.2. Уəкiлеттi лауазымды адамдармен жəне консулдық 
қызметтi жүзеге асыратын адамдар жасайтын 
нотариаттық iс-əрекеттер
Қазақстан Республикасының Нотариат туралы заңына сəйкес 
нотариаттық іс-əрекеттерді нотариустардан басқа аудандық маңызы 
бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) 
округтiң əкiмi аппаратының лауазымды адамдары жəне консулдық 
қызметті жүзеге асыратын адамдар атқара алады.
Елді мекенде нотариус болмаған жағдайда аудандық маңызы бар 
қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкімі аппаратының 
нотариаттық іс-əрекеттерді жасауға уəкілетті лауазымды адамдары 
мынадай нотариаттық іс-əрекеттер жасайды:
1. Өсиеттерді куəландырады;
2. Сенімхаттарды куəландырады;
3. Құжаттар көшірмелерінің жəне олардан алынған үзінділердің 
дұрыстығын куəландырады;
4. Өтініштерге қойылған қолдың түпнұсқалығын куəландырады;
4. Заң актілерінде көзделген өзге де іс-əрекеттерді жасауы мүмкін.
Консулдық қызметті жүзеге асыратын адамдар жасайтын 
нотариаттық іс-əрекеттер:
1. ҚР аумағындағы жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы 
шарттардан басқа мəмілелерді куəландырады;
2. Мұраға құқық туралы куəліктер береді;
3. Ерлі-зайыптылар мен ортақ бірлескен меншік құқығындағы 
мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы 
туралы куəліктер береді;
4. Құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің 
дұрыстығын куəландырады;
5. Құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын тексереді;
6. Құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының 
дұрыстығын куəландырады;


46
7. Азаматтың тірі екендігі фактісін куəландырады;
8. Азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куəландырады;
9. Құжаттар берілген уақытты куəландырады;
10. Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке жəне 
заңды тұлғаларға береді;
11. Ақшаны депозитке қабылдайды;
12. Сақтауға құжаттар жəне бағалы қағаздар қабылдайды;
13. Теңіз наразылығын жасайды;
14. Дəлелдемелерді қамтамасыз етеді;
Егер ҚР заң актілерінде консулдық қызметті жүзеге асыратын ла-
уазымды адам жасайтын өзге де нотариаттық іс-əрекеттер көзделуі 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет