Оқулық «Нотариат туралы»


 Нотариалдық палатаның түсінігі жəне өкілеттілігі



Pdf көрінісі
бет16/105
Дата22.11.2022
өлшемі1,04 Mb.
#51642
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   105
4.3. Нотариалдық палатаның түсінігі жəне өкілеттілігі
Қазақстан Республикасының əкімшілік-аймақтық бөлінісіне 
сəй кес бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне 
астананың аумағы нотариаттық округ болып болып танылады.
Нотариаттық палата жеке практикамен айналысатын нотариус-
тардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру жəне қорғау 
үшін, сондай-ақ нотариаттық іс-əрекеттер жасау кезінде нотариат 
туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшін құрылатын 
коммерциялық емес, кəсіптік, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым бо-
лып табылады. 


41
Нотариаттық палатаның қызметі ҚР Нотариат туралы заңымен 
жəне жарғымен реттеледі. Нотариаттық палата заңды тұлға болып 
табылады жəне заңда белгіленген тəртіппен тіркелуге тиіс.
Қазақстан Республикасының əрбір облысы, республикалық маңы-
зы бар қалалары мен астанасында бір нотариаттық палата құрылады. 
Аумақтық нотариаттық палаталар қауымдастық (одақ) нысанындағы 
Республикалық нотариаттық палатаға бірігуге құқылы.
Нотариаттық палатаның өкілеттігі:
- жекеше нотариустарға жалпы басшылық жасап, олардың 
қызметін үйлестіріп отырады;
- мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда өз мүше-
лерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді жəне қор ғай ды, 
нотариаттық істі дамытуда оларға көмек көрсетіп, жəрдем береді;
- жекеше нотариустар нотариаттық іс-əрекеттер жасау кезінде 
нотариат туралы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- жекеше нотариустың лицензиясының күшін тоқтата тұру, кері 
қайтарып алу жəне тоқтату туралы ұсыныс енгізеді;
- нотариаттық іс-əрекет жасау нəтижесінде зиян келтіру салда-
рынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық 
жауапкершілікті сақтандыруды ұйымдастырады;
- жекеше нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауап-
кершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы жəне 
жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мін-
детті сақтандыру туралы ҚР заңдарының өзге де талаптарын бұзу 
жағдайлары туралы аумақтық əділет органдарын хабардар етеді;
- жекеше нотариустарды сынақтан өткізу мен оқытуды 
ұйымдастырады;
- өз мүшелерінің қызметіне байланысты істер бойынша сот 
белгілеген сараптама шығындарын өтейді;
- жекеше нотариусты кəсіптік міндеттері мен əдепті бұзғаны үшін 
нотариустың ар-ождан кодексіне сəйкес жауапқа тартады;
- жекеше нотариустардың қызметтік іс-əрекеттеріне азаматтар 
мен заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарайды.
Нотариаттық палата жекеше нотариустың жасаған іс-əрекет терінің 
заңдылығы туралы мəселені қараған кезде нотариустан жасалған 
нотариаттық іс-əрекеттер туралы мəліметтерді, ал қажет болған жағ дай-
ларда өз түсініктемелерін, соның ішінде кəсіптік əдептің сақтал мауы тура-
лы мəселелер бойынша түсініктемелерін табыс етуді талап ету ге құқылы. 
Нотариаттық палата жарты жылдың жəне жылдың қорытындылары 


42
бойынша Республикалық нотариаттық палата мен аумақ тық əділет ор-
ганына өзінің қызметі туралы ақпарат беріп отырады.
Нотариаттық палата өз қызметін жарғы негізінде атқарады. 
Жарғыда: атауы, қызметінің мақсаттары мен негізгі түрлері; палатаның 
құқықтары мен міндеттері; мүше болу мүшелікті тоқтата тұру жəне 
одан айрылу шарттары мен тəртібі; мүшелердің құқықтары мен 
міндеттері, жауапкершілігі; басшы органдарды құру тəртібі, олардың 
атқаратын қызметтері мен өкілеттік мерзімі; мүліктің қалыптасу көздері 
жəне мүлік пен табысты пайдалану тəртібі; жарғыға өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу тəртібі; палатаны қайта құру мен тарату тəртібі; 
таратылған жағдайдағы мүліктің тағдыры, т.б. көзделуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет