47
осы бөлімдер,
құрамалар, мекемелер мен орындардың командирлері
куəландырған өсиеттері мен сенімхаттары;
- бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас
бостандығынан айыру орындарының бастықтары куəландырған
өсиеттері мен сенімхаттары;
- ҚР туын көтеріп жүзіп жүрген теңіз мекемелерінде немесе ішкі
суларда жүзіп жүрген кемелердегі азаматтардың осы кемелердің ка-
питандары куəландырған өсиеттері;
- барлау жəне басқа да экспедицияларда жүрген
азаматтардың
осы экспедициялардың бастықтары куəландырған өсиеттері;
- халықты əлеуметтік қорғау мекемелерінде тұрып жатқан
кəмелетке толған жастағы іс-əрекет қабілеті бар азаматтардың
осы мекемелердің немесе халықты əлеуметтік
қорғаудың тиісті
органының басшысы куəландырған сенімхаттары теңестіріледі.
Жоғарыда аталған лауазымды адамдар өсиетті куəландырған
күннен бастап, он күннің ішінде, ал егер бұл дəлелді себептермен
мүмкін болмаса, мұндай мүмкіндік пайда болысымен куəландырған
өсиеттің бір данасын өсиет қалдырушының тұрғылықты жеріндегі
нотариусқа сақтауға дереу беруге міндетті.
Егер өсиет қалдырушының ҚР-да тұрақты тұрғылықты жері
болмаса немесе оның
тұратын жері белгісіз болса, өсиет ҚР-ның
Əділет министрлігі белгілейтін нотариусқа жіберіледі. Нотариус
сақтауға келіп түскен өсиетті тексеруге жəне оның заңға сəйкес
келмейтіндігі анықталған жағдайда, тиісті дəрежеде ресімдеу үшін
өсиет қалдырушыға жəне өсиетті куəландырған лауазымды адамға
бұл туралы хабарлауға міндетті.
Куəландырған өсиеттердің уақтылы
берілмеуі салдарынан
мұрагерге келтірілген шығын үшін лауазымды адам ҚР заңдарына
сəйкес жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: