82
Егер құжаттарды немесе бағалы қағаздарды нотариуста сақтау
бұрын келісілген мерзімнен асып кетсе, ал нотариус сақтауды
жалғастырса, құжаттарды немесе бағалы қағаздарды сақтауға бер-
ген адам нотариусқа мемлекеттік баж салығын (жекеше нотариус
қызметіне ақыны) қосымша төлейді.
Сақтауға қабылданған құжаттар немесе бағалы қағаздар оларды
сақтауға берген адамға (не оның өкіліне) ол құжаттардың немесе
бағалы қағаздардың сақтауға қабылдануы жөнінде куəлікті (қажетті
болған ретте – тізімдемені де) көрсеткен жағдайда, не заңды күшіне
енген сот шешімі негізінде қайтарылады. Құжаттарды немесе
бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адамның (не оның өкілінің)
жазбаша арызы негізінде құжаттар немесе бағалы қағаздар куəлікте
келісілген мерзімнен бұрын да беріледі.
Құжаттарды немесе бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адам
қайтыс болған жағдайда құжаттар немесе бағалы қағаздар мұраға
құқық туралы заңда белгіленген тəртіпте берілген куəлік негізінде
мұрагерлерге беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: