Оқулық «Нотариат туралы»


 Дəлелдерді қамтамасыз ету



Pdf көрінісі
бет39/105
Дата22.11.2022
өлшемі1,04 Mb.
#51642
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105
8.5. Дəлелдерді қамтамасыз ету
Мүдделі адамдарға қажетті дəлелдер беру кейін олар үшін 
мүмкін емес немесе қиын тиеді деп болжауға негізі бар мүдделі 
адамдардың өтініші бойынша нотариус сотта немесе өзге əкімшілік 
органда іс қозғалғанға дейін дəлелдерді қамтамасыз ету жөнінде ша-
ралар қабылдайды. Мүдделі тұлғалар нотариуске өтініш ету сəтінде 
сот өндірісінде немесе басқа құзыретті органда болса, нотариус іс 
жөніндегі дəлелдемелерді қамтамасыз етпейді.
Егер дəлелдер шетел мемлекеті органына берілуге тиіс болса, ере-
же қолданылмайды. Бұл жағдайларда, мүдделі адам жүгінген сəтте іс 
шетел мемлекеті органдарының іс жүргізуінде жатқанына қарамастан, 
дəлелдер қамтамасыз етіледі. Мүдделі адам нотариусқа дəлелдерді 
қамтамасыз ету талап етілетін жағдайларды баяндап, дəлел болатын 
объектіні немесе жағдайларды көрсетіп, арыз береді, сондай-ақ сотта 
немесе қандай да бір əкімшілік органда қозғалған іс жоқ деген мағлұмат 
беріледі. Арызды қабылдаған кезде нотариус мүдделі адамның 
арыздағы қолының дұрыстығын куəландырады. Нотариус мүдделі 
адамға егер дəлелдерді қамтамасыз ету сотта немесе өзге əкімшілік ор-
ганда іс қозғалған соң жүргізілсе, мұндай қамтамасыз етудің заң талап-
тарына сəйкес күші болмайтындығын түсіндіреді.


83
Дəлелдерді қамтамасыз ету туралы мəселені нотариус əрбір 
кезде нақты жағдайларды ескере отырып шешеді. Дəлелдерді 
қамтамасыз ету қажеттілігі туралы мəселені шешу кезінде 
нотариус болашақта дəлел алу қиыншылығының немесе 
мүмкіншілігінің болмау қаупінің қаншалықты үлкен жəне шы-
найы екендігін анықтайды. Егер нотариус дəлелді қамтамасыз 
ету туралы арыздың негізсіздігі туралы қорытындыға келсе, ол 
аталған нотариаттық əрекетті жасаудан бас тартады жəне бас тар-
ту туралы қаулы шығарады.
Нотариус дəлелдерді қамтамасыз ету тəртібінде азаматтардан 
жауап алады, құжаттар мен заттарды қарауды жүргізеді, ал қажет 
болған ретте сараптама тағайындайды. Дəлелдерді қамтамасыз 
ету жөніндегі іс жүргізу əрекеттерін орындау кезінде нотариус 
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдарының 
нормаларын басшылыққа алады. Нотариус барлық мүдделі 
адамдарға дəлелдерді қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы ха-
барлайды, алайда олардың келмей қалуы дəлелдерді қамтамасыз 
ету жөніндегі əрекеттерді орындауға кедергі болып табылмай-
ды. Мүдделі адамдарға хабарламай, дəлелдерді қамтамасыз етуді 
кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, немесе кейіннен іске 
кімнің қатысатынын алдын ала белгілеуге болмайтын кезде жол 
беріледі. Мұнда мүдделі адамдарға хабар бермеу себептері жауап 
алу немесе жазбаша жəне заттай дəлелдерді қарау хаттамасында 
көрсетілуі тиіс.
Дəлелдерді қамтамасыз ету тəртібінде куəдан жауап алу кезінде 
нотариус хаттама жасайды, онда мыналар көрсетіледі:
1) жауап алу күні, уақыты жəне орны;
2) жауап алушы нотариустың тегі мен аты-жөні;
3) нотариаттың органның атауы;
4) жауап алуға қатысушы адамдардың тектері, есімдері жəне 
əкелерінің аттары, туған жылы мен тұратын жері;
5) куəнің тегі, аты, əкесінің аты, оның туған жылы, тұратын жері;
6) əдейі жалған мəліметтер беру үшін жəне мəліметтер беруден 
бас тарту үшін жауапкершілік туралы ескертілгендігін көрсету;
7) куə жауаптарының мазмұны (қойылған сұрақтар жəне оған 
берілген жауаптар).
Хаттаманың əрбір бетіне жауап берген адам қол қояды, ал соңғы 
бетке жауап алуға қатысушы адамдар мен нотариус қол қояды. 
Жазбаша жəне айғақты заттар оларды қарау жолымен қамтамасыз 


84
етіледі. Қарау нотариусқа алып келу мүмкін емес дəлелдердің тұрған 
жерінде жүргізіледі. Қарау сараптамаға ұласуы мүмкін, бұл үшін са-
рапшы шақырылады.
Жазбаша жəне айғақты заттарды қарау нəтижелері туралы хатта-
ма жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
1) қарау жүргізілген күн, уақыт жəне орын;
2) қарауды жүргізген нотариустың тегі мен аты-жөні;
3) қарауға қатысқан мүдделі тұлғалардың (соның ішінде 
сарапшының) тегі, есімі, əкесінің аты, туған жылы жəне тұратын 
жері;
4) қарау кезінде анықталған мəн-жайлар.
Қарауға қатысқан адамдар мен нотариус хаттамаға қол қояды. 
Бір беттен артық бетке жазылған хаттама нөмірленеді, бауланады 
жəне нотариустың қолымен жəне мөрімен бекітіледі.
Ғылым, техника, өнер саласындағы арнайы білімдерді талап 
ететін мəселелерді түсіндіру үшін нотариус сараптама тағайындауы 
жəне өткізуі мүмкін. Сараптама тағайындау жөнінде нотариус қаулы 
шығарады, онда мыналар көрсетіледі:
1) қаулының шығарылу күні, уақыты жəне орны;
2) өтініші бойынша сараптама тағайындалған адамның тегі, аты, 
əкесінің аты;
3) сараптама жүргізу тапсырылған сараптама мекемесінің ата-
уы. Егер сараптама жүргізу нақты адамға тапсырылса, онда оның 
тегі, аты, əкесінің аты, тұратын жері, жұмыс орны мен лауазымы 
көрсетіледі;
4) қорытынды талап етілетін мəселелер тізбесі.
Қаулыға нотариус мөрін басып қолын қояды.
Сараптаманың жүргізілуі туралы акт жасалады, оған сарапшы 
жəне сараптамаға қатысатын адамдар қол қояды. Сарапшының 
қорытындысына сарапшы қол қояды. Дəлелдерді қамтамасыз 
ету жөніндегі іс жүргізу аяқталған соң мүдделі адамға дəлелдерді 
қамтамасыз ету тəртібінде жасалған əрбір құжаттың бір данасы 
беріледі, бір-бір данасы нотариаттық орган істерінде қалады. 
Дəлелді қамтамасыз ету туралы арыз айтып жүгінген мүдделі 
адам сарапшыларға сыйақы жəне аталған нотариаттық əрекет 
жасауға байланысты жасалған басқа шығындарды төлейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет