Оқулық «Нотариат туралы»



Pdf көрінісі
бет35/105
Дата22.11.2022
өлшемі1,04 Mb.
#51642
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   105
78
8-ТАРАУ
АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ БАСТАРЫНА ЖƏНЕ ЖЕКЕ 
МҮЛІКІНЕ ТИІСТІ ІС ƏРЕКЕТТЕРДІ ЖАСАУ ТƏРТІПТЕРІ.
1.1 Жеке жəне заңды тұлғалардың арыздарын басқа жеке 
жəне заңды тұлғаларға беру
1.2 Ақшаларды депозитке қабылдау
1.3 Вексельдер наразылықтарын жасау
1.4 Құжаттарды жəне бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау
1.5 Дəлелдерді қамтамасыз ету
1.6 Жұбайлардың жəне ортақ бірліскен меншік құқығы 
негізінде мүлкі бар басқа адамдардың ортақ мүліктері үлеске 
меншік құқығы туралы куəлік
1.7 Мүлікті иеліктен алуға тыйым салу жəне тыйымды жою
8.1. Жеке жəне заңды тұлғалардың арыздарын 
басқа жеке жəне заңды тұлғаларға беру
Нотариус жеке жəне заңды тұлғалардың арыздарын басқа жеке 
жəне заңды тұлғаларға береді. Арыздарды беруді нотариус қолхат 
алу арқылы дербес немесе кері хабар беру арқылы почтамен жүзеге 
асырады. Арыздар телефакс, компьютер жүйелерін жəне өзге 
техникалық құралдарды пайдалану арқылы берілуі мүмкін. Арыз-
дарды беру үшін техникалық құралдарды пайдалануға байланысты 
шығындарды нотариаттық əрекетті жасауды өтінген адам төлейді.
Арызды беру фактісі арыздың мəтініндегі нотариустың қолымен 
де, арызды беру туралы куəлік беру арқылы да белгіленеді. Куəлікте 
арызға алынған жауаптың мазмұны немесе белгіленген мерзімде 
жауаптың түспегендігі туралы мағлұматтар көрсетілуі мүмкін.
Арыздар жолдау жəне арыздардың жолданғандығы туралы 
куəліктер беру нотариаттық əрекеттерді тіркеуге арналған тізбеде 
тіркеледі. Арыз бен куəлік 3 данадан ресімделеді, олардың бірі 
адресатқа жолданады, бірі тиісті арыз бен куəліктің адресатқа 
жолданғандығы туралы белгімен жолдаушыда қалады, ал бірі 
нотариустың істерінде қалады.


79


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет