70
негізгі сенімхат берілген адамның тегі, аты, тұратын жері, сондай-
ақ өкілеттіктер берілетін адамдар, қажет жағдайда олардың қызметі
көрсетілуі керек. Негізгі сенімхатта қайта сенім білдіру туралы
белгі соғылады. Негізгі сенімхаттың көшірмесі нотариуста қалатын
сенімхаттың данасына қосылады.
Сенімхат беруші тұлға кез келген уақытта сенімхатты не-
месе қайта сенім білдіру туралы сенімхатты бұзуға құқылы, ал
сенімхат берілген тұлға кез келген уақытта одан бас тартуға
құқылы. Бұл құқықтардан бас тарту жөніндегі келісім жарамсыз
болып табылады.
Сенім білдірушінің сенімхатты бұзу туралы өтініші нотариаттық
куəландырылуы керек. Бұл жағдайда нотариус сенімхатты бұзу-
шы адамға сенім білдірушіге жəне барлық белгілі үшінші
адамдарға сенімхат берілген өкілдікке, сонымен қатар сенімхатты
куəландырған нотариусқа сенімхаттың бұзылғандығы жөнінде ха-
барлау міндеттілігін түсіндіреді. Сенім білдірушіге жəне мүдделі
үшінші адамдарға сенімхаттың бұзылуы туралы хабарлау міндеті
сенім білдірушіге жүктеледі.
7. Нотариус шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттары
Құрылтай шарты мен Жарғыны куəландырады. Шаруашылық
серіктестіктерінің Құрылтай шартына оның барлық қатысушылары
қол қояды. Шаруашылық серіктестігінің Жарғысына, Құрылтай шар-
тына сəйкес осы серіктестіктің басқарушысы болып тағайындалған
құрылтайшы немесе шаруашылық серіктестігіне қатысушылар
тағайындаған оның бірінші басшысы қол қояды.
Нотариус құқықтық нысандардағы өзге коммерциялық емес
ұйымдардың (өндірістік жəне тұтыну кооперативтерінің, қоғам-
дық жəне діни бірлестіктердің, қоғамдық қорлардың, қауым-
дастықтардың, т.б.) құрылтай құжаттарын куəландырудан бас
тартуға құқығы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: