8.2. Ақшаларды депозитке қабылдау. Заңдарда көзделген жағдайларда нотариус ақшаларды несие
берушіге беру үшін оларды борышқордан депозитке қабылдайды.
Депозитке ақша қабылдау кезінде нотариус борышкердің жеке ба-
сын анықтайды жəне оған ҚР нотариустарының депозиттік опера-
циялар есебінің тəртібі ақша жарнасы жөніндегі түбіртекті береді.
Борышкердің өтініші бойынша ақша жарнасы жөніндегі жазудың
берешекті белгілейтін құжатта жазылуы мүмкін.
Өз органының депозитіне міндеттеме затын (ақшалар) қабыл дай
отырып, нотариус жарна негіздерін, яғни несие беруші құқықтарының
жəне борышқор міндеттерінің пайда болу негіздерін тексермейді.
Жарнаның түскендігі жөнінде нотариус несиелерге (депонент-
ке) хабарлайды. Депоненттің арызы бойынша депозиттен ақша
беруді жүргізеді.
Депоненттің жеке басын анықтау туралы жазуды оның жеке ба-
сын куəландыратын құжат деректемелерін көрсете отырып, нотари-
ус арызда жазады, сондай-ақ депозиттік ақшаны алуға оның құқығын
растайтын құжаттың (мұраға құқық туралы куəлік, сенімхат жəне
т.б.) атауы көрсетіледі.
Ақша заңды тұлғаларға төлемдік тапсырмалармен олардың шот-
тарына аударылады. Егер борышқор несие берушінің мекенжайын
(тұрған жерін) көрсетпесе, ал нотариусқа бұл мекенжай белгісіз бол-
са, борышқорға несие берушіге ақша жарнасы туралы хабар беру
оның міндетіне жататындығы хабарланады.
Егер ақшалар нотариаттық органға почтамен немесе несие
мекемесінен келіп түссе, онда түскен ақшалардан тиісті мемлекеттік
баж салығы ұсталып қалады (жекеше нотариустың нотариаттық
əрекеттеріне ақы), ал қалғаны депозитке қабылданады. Ақшаларды
депозитке қабылдау міндеттемені орындау жерінде, яғни несие
беруші – жеке тұлға міндеттеме пайда болған сəтте тұрақты не-
месе көбінесе тұратын жерде жүргізіледі. Заңды тұлға үшін бұл
жер мемлекеттік тіркеу туралы куəлікте аталған оның органының
орналасқан жері болып табылады.
Ақшаларды депозитке енгізген адамға қайтаруға тек несие
берушінің жазбаша келісімімен немесе заңды күшіне енген сот
шешімі негізінде жол беріледі. Ақшаны қайтару туралы нотариустың
депозитiне ақша салған жеке жəне заңды тұлғалардың талаптары
жазбаша білдірілуге тиіс.
80 Ақшаны есепке алу Қазақстан Республикасының Əділет ми-
нистрлігі белгілеген тəртіппен жүргізіледі. Нотариустың депо зиттiк
есебiндегi ақша нотариустың табысы болып табылмайды.