өзінің достарының, ізбасарларының алдында у ішіп өледі. Сократтың өмірі, оның ілімінің калай іске аскандығын көрсетіп ғажайып өмір болды. Сократтың эр адамның өз пікірі болуы мүмкін, бірак акикат олардың бэріне ортак - ол біреу ғана деген тұжырымы, сол сиякты ұғымдардың ауыспалылығы туралы (кейбір жағдайларда олардың бір- біріне ауысып отыратынығы туралы) идеялары өзінен кейінгі ойшылдарға үлкен эсер етіп, ұғымдар диалектикасы туралы ілімінің калыптасуына жэне дамуына ойтүрткі болды. Ракымшылдык жэне бакыт Сократтың ілімдері, б.д.д. V-IV ғғ. кең етек алған екі философиялық мектеп: киниктер мен гедонизмнің этикалык ілімдерінің өзекті мэселесіне айналды. Киниктер философияның (“киносарг” деп аталған гимназияның атымен аталып кеткен, аудармасы - “көгерген ит”) негізін калаушы Антисфеннің (б.д.д. 444-368 жж.) пікірінше, нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар заттардың кандай зат екенін аныктайтын сөз ғана. Ал білім дегеніміз ұгымдардың мазмұнын кұрайтын пайымдаулар. Бірак олардың мазмұнында заттардың мэнін көрсететін қасиеттер мен эр түрлі белгілерді теріп көрсетуге болмайды, себебі олар туралы дұрыс пайымдау субъекті мен предикат тепе-тең (тавталогия) болған жағдайда тана (метематик дегеніміз математикадан сабақ беретін адам) қалыптасады. Киниктердің жеке заттар мен жалпы ұғымдар туралы пікірлері ортағасырдагы номиналистердің жалпы ұғымдар мен жеке заттар туралы идеяларымен ұштасып жатканын байкаймыз. Антисфен өзінің ұстазы Сократтың ракымшылдық, ізгілік, басқа туралы ілімін ілгері карай жалғастырып, түкке тұрмайтын кұңцылығы