Адамдык капитал постиндустриалдык коғамның маңызды ресурсы”. Байлык техника кұралдарының көмегімен технологиялык білімді жэне ұйымдастырушылыкты жетілдіру аркылы қалыптасады. Сондыктан Т.Стоунвердің пікірінше “индустриалдык экономикадан постиндустриалдык экономикаға өтудің ең тиімді стратегиясы—бұл білімді, ғылыми зерттеу жэне тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды кең аукымды дамыту”. Сондыктан акпараттык қоғамда ұлттык байлықтың өсуі ең алдымен білім мен технологияның прогресіне бағынышты болады. Осыған байланысты “постиндустриалдык коғамда ұлттык ақпараттык ресурстар - негізгі экономикалык кұндылык, байлықтың ең үлкен потенциалды көзі” деген Стоунвердің пікірімен келіспеуге болмайды. Жоғарыдағы айтылғандарды түйіндей отырып, мына мәселелерге үлкен көңіл кою керек: акпараттык коғамның мэні неде, акпараттык коғамның қандай негізгі сипаттамалык белгілері бар, қоғам дамуының өзге этаптарынан түбірлі айырмашылыктары неде, акпараттык мемлекет катарына жататын мемлекет бар ма? Профессор А.И.Ракитовтың пікірінше, егер коғам төмендегі параметрлерге сэйкес келсе, онда оны акпараттык деп есептеуге болады: 1) егер кез келген адам, ұжым, кәсіпорын немесе ұйым өзінің өмірқамы жэне жеке немесе әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешу үшін кез келген уақытта елдің кез келген нүктесінен кез келген акпаратты ала алатын жағдайда; 2) егер қоғамда индивидке, ұжымға немесе ұйымға кажетті казіргі акпараттык технология кызмет ететін өндірілетін болса жэне жоғары пункттегі талаптарды өтей алатын болса; 3) егер ғылыми-технологиялық жэне әлеуметтік-тарихи прогрестің