болуға тиісті туралы ғылым ретінде, адамгершілік заңы, принциптер, ұждан қағидалары, нағыз адамшылык кағидалар туралы ғылым ретінде болғандыктан абстрактылы сипатты иеленбеуі мүмкін емес. Болуға тиісті туралы ғылым ретінде болғандыктан ол адамның адамгершіліктік, шығармашылдык-өзгерткіштік идеалдының табиғаты туралы да гылым. Адамгершіліктік еркіндік кұбылысына негізделетін моральдык таңдау мен койылған максаты жүзеге асыру арасында сәйкессіздік пайда болады. Бостандық деген шексіз ерік емес, еркін тілектерді орындау емес, танылған кажеттілік негізіндегі адамның жеке жауапкерішілігі дегенді білдіреді. Бұл жерде кайырымдылык пен тиістілік ұғымдарын 218
сипаттайтын адамгершілік максат, мотив, жауапкершілік пен акталудьщ мэні зор. Шығармашылык жолындағы эрбір адам бастапкыдан еркін, азат, шығармашылык бостандыкка ие болуға тиіс. Эйтсе де эрбір шығармапіылык актісінен, істен немесе эрекеттен соң адамгершілік максат пен талапты іштей кабылдаудың, актык ұғынудың нэтижесін бейнеленген сенім-пікір калыптасатын бағалау кезеңі, моральдык ақталу, айыптау немесе колдау сэті туады. Адам кең жүйедегі ойлауға көшеді, өйткені коз жеткізу, сену - танымдык факторлар, баталау өлшемдері мен тэртіп мотивтері шоғырланған дүниетаным негізі болып табылады. Этика тарихында түсініктің бұл бағыты эркашанда кардиналды деп саналды, өйткені дүниетаным - тұлғаны, оның кажеттіліктері мен мотивтерін зерттеудің алдын алады. Қоғам, элеуметтік орта адам тіршілігінің басты белгілері: кез келген адам бүкіл адамзаттың өкілі болып табылады. Оның индивидуалдылығы барлық адамға ортак адам тіршілігімен шартталған.