Өзінің терең мән-мағынасы бойынша Адам да Батыста болсын,
Шығыста болсын бірдей (содан кейін — Қытай мен Үндістанда).
Әлемдегі Адамның
болмыс әдістері ғана Батыста жэне Шығыста
өзгеше. Ғылымға Караганда, философияның эмпирикалык
дәрежесі жок,
бірак оның үстіне эмпирикалык
базасы бар. Ол дүниетанымдык және
дүниеге деген көзкарас тұрғысынан ғылымның, өнердің маңызды
мэліметі, моральдық жэне діни тәжірибе жэне т.б. болуы мүмкін. Адам
баласынын адамзат атанған күннен бастап дүниетаным деген ұғым
калыптасты. Дүниетаным аркылы біз айналамыздағы бар дүниенің жай-
жапсарын аныктаймыз. Әрбір жеке түлғаның дербес дүниетанымы
біріге
келе тұтас бір дүниеге көзкарасты тудырса, сол дүниетанымнан эрбір
жеке адам көзкарасы өз бастауын алады. Дүниетанымның камтымайтын
аймағы жок. Ол адам баласына катысты барлык мэселелерге араласып,
өз деңгейін көрсетіп отырады. Жалпы алғанда,
философия -
дүниетанымдық ғылыми жүйе. Дүниетанымның теориялык негізі немесе
ғылыми жүйесі ретіндегі философияның басты ерекшелігі, бүкіл дүниені
бір түтас бүтін
ретінде карастыруында, яғни оның ішкі жэне сырткы
байланыстарын өзара бірлікте зерттейді. Ал дүниетанымның негізгі
ұғымдары «дүние» жэне «адам». Бүлардың эрбірі объективті шындык,
ерекше бір кұбылыс болғандьщтан, олардың әркайсысының ішкі
табиғатын, бір-біріне
өзара тәуелді катынасы, байланысы аркылы ғана
түсінуге эрі түсіндіруге болады. Демек, кез-келген ғылым осы екі табиғи
шындыктың катынасынан туындайтын мәселелерді зерттейді деуге
болады. Екінші сөзбен айтканда, эр ғылым коршаған орта мен адам
бірлігінің немесе жалпы объективті шындыктың белгілі
бір көріністерін
ғана зерттейді. Түйіндеп айтар болсак, дүниетаным деңгейі өркениет
денгейімен үштасып жатыр. Өркениетті жасаушы да, жоюшы да адам
болғандыктан, антропология мэселесін жан-жакты салалы зерттеу кай
кезеңдеде толастаған емес. Адамға ең кызықты объект — ол адамның өзі.
Адам
адамға әрі объект, эрі субъект. Ешкандай гылым адамды
толыкканды зерттей алмайды. Бір ғылым адамның жанын зерттесе,
екіншісі биологиялык күрылымын, ал үшіншісі коғамдағы рөлін
зерттейді. Адаммен байланыссыз бірде-бір ғылым жок. Барлык ғылым
адамға тәуелді, себебі ол адам ойының, адам дүниетанымының жетістігі.
Достарыңызбен бөлісу: