Оқулық o p s 3 философия негіздері


Төртінші шарт - философия ғылымын үйретудегі мақсатгы түсіну



Pdf көрінісі
бет61/525
Дата15.09.2022
өлшемі13,05 Mb.
#39158
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   525
Төртінші шарт - философия ғылымын үйретудегі мақсатгы түсіну. 
Философия іылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол 
мақсат - жаратқан иені тану. Ол өзі ауыспайіъш, өзгермейтін жалғыз 
зат. Бүкіп дүниені, барлык нәрселерді барлыққа, болмыска шығарған 
жаратушы. Жомартгылығымен, хикметімен, әділеттілігімен осы әлемге 
тәртіп беруші аллатағаланы тану. Барлық философ ғалымдардың істеген 
еқбектері өздерінің шамасынша сол жаратканға ұқсап бағу. Әрине, бұл 
жерде біз әл-Фарабидің өз заманының перзенті болғандығын дұрыс 
түсінуіміз қажет, өйткені заман талабын атгап өте алмау кай кезде 
болсын тарихи табиғи нәрсе.
Бесінші шарт — философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. 
Бұл жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай 
еңбек ету дейді. Сонымен катар философияны тек жаратылыстану 
ғалымдары аркылы ғана танып білуге болады деген пікірлер айтады.
Алтынша шарт - Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми 
ұғымдарды талай білу.
Жетінші шарт - Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан 
терең жұмбак сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель 
еңбектерінде жұмбак түрінде айтылған түсініктердің сырьш ашу. Оның 
кейбір гьшыми түсініктерді терең жұмбак түрінде келтірудің үш түрлі 
себебі бар. Бірінші, окупшның табиғи қабілетін сынап, үйретуге 
тұратынын немесе тұрмайтынын айыру. Екінші, философия ғылымын 
көрінген адамның бэріне бірдей рәсуа кылмай, оны алып жүретіндерге 
ғана пайдаландыру. Үшінші, ғылыми іздеу жолында адам бейнетгеніп, 
ой-пікірін шыныктыру керек. Осы үш себептен аристотель еңбектерінде 
жұмбак (аллегория) колданылады.
Сегізінші шарт - философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін 
жэне калпын түсіну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет