3.8. Пластмассаныполимерлік жолмен алу Алынған пластмассанын, физикалық, химиялык, көрсеткіштері жоғары болуы үшін дұрыс температуралық тәртіп болу керек. Жоғарғы температура полимерлік байланыстардың санын көбейтеді. Бүл процесс экзотермиялық реакция бойынша жүреді. Массаның ішкі температурасы 100°С аспау керек. Егер температура одан асып кетсе мономер қайнап, буға айналады,пластмассаның құрамында кеңістіктер (тесіктер) пайда болады.
Пластмассанын, физикалык, және механикалық көрсеткіштері жоғарыда көрсетілген жағдайлардан төмендеітіндіктен полимеризация кезінде температуралық ережені қатан, сақтау керек.
Полимер мен мономердіқ қосындысын қамыр тектес кезеңінде қалыпқа (кювета) салып пресс-станогымен 30-40 минуттай қысым түсіреді. Сонан соң қалыпты 20-22° С суға салып, онын, температурасын бір сағаттын, ішінде біртіндеп 100° С жеткізеді де, 30 минут осы температурада ұстайды. Біртіндеп судык температурасын төмендетіп салқындатады, толық суыған кезінде қалыпты ашып, протезді өңдейді (егелеу, эрлеу және жалтырату).
3.9. Өз бетімен қатаятын пластмассалар Бұл пластмассалардың құрамына сыртқы температураныд әсерінсіз полимеризацияға кіретін акрилатты пластмассалар жатады. Егер де акрилатты пластмассалардың қүрамында реакцияны тездсткіштср (активатор) болса,сыртқы температуранын. осерінсіз полимеризация реакциясы жүргізіледі.
Өз бетімен қатаятын пластмассаларға протакрил, редрнт 02,03, норакрил, стадонт, карбопласт, акрилоксид және басқалар жатады. Бүлардың құрамында дисульфаномин және диметилпаратолуидин активаторлары бар.
Протакрил,редонт ортопедиялық стоматологияда сынған .ілмалы-салмалы протездерді жөидеу үшін және қозғалған тістерді бір-біріне байлап бекіту үшін қолданылады. Сонымен қатар ортодонтиялық аппараттарды жасау ушін ксңінен қолданылады.
Таблица 7
Полимеризациалау кезеқдеріндегі өзгерістер мен оларды тексеру дәрежелері.