Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет7/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   120
ЖАСУШАНЫҢ МИКРОСКОПИЯЛЫҚ 
ҚҰРЫЛЫМЫ 
Ядро. Әр өсімдік жасушасында ядро бар. Жас жасушаларда ядро 
жасушаның ортасында орналасқан, жетілген жасушаларда жасуша 
қабырғасына жылжытылған.Ядроның химиялық құрамы негізінде 
ақуыздар 
және 
нуклеин 
қышқылдармен 
ұсынылған: 
дезоксирибонуклеин (ДНК) және рибонуклеин (РНК). ДНК 
генетикалық ақпаратты қамтиды, жасушаның осы түріне тән белоктың 
синтезін кодтайды. Ядрода РНК-ның екі түр ұсынылған: ақпараттық
(а-РНК және рибосомалық (р-РНК). Ақпараттық РНК белоктың 
құрылысы туралы ақпаратты ДНК-дан рибосомаларғааударады. 
Рибосомалық РНК рибосомалардың суббірліктері құрамына кіреді. 
Ядроның химиялық құрамына липид, фермент, минералдық тұздар 
кіреді.
Ядро ядролық тесіктері бар екі мембраналы қабыршақпен 
шектелген, ядро шырыны немесе нуклеоплазма, хроматин және шағын 
ядросы бар.
Митохондрии. Митохондриялар — жасушаны энегиямен 
қамтамасыз ететін жасушаның дөңгелек немесе гантель тәрізді 
органеллалары.


18 
Жасушадағы митохондриялар саны бірнеше ондаған (жастарда) 2000 
дейін (жетілгендерде) болуы мүмкін. Митохондриялардың өзінің жеке 
ДНК-сы, белок синтезінің барлық жүйесі, өздік рибосомаларын қоса,
бар. Митохондриялардың қасиеттері митохондрияның ДНК-да 
жартылай, ал ядрода жартылай кодталған. Бұл митохондрияларды 
жартылай автономиялы органоидтар деп есептеуге мүмкіндік береді, 
яғни ядроға толықтай тәуелді емес. 
Митохондриялар екі мембранамен шектелген: сыртқы және ішкі. 
Ішкі мембранаға қарағанда сыртқы мембрана бетінің алаңы шағын. Ішкі 
мембрана митохондрия 
кеңістігін 
жеке 
бөлімдерге бөлетін 
қыртыстарды – кристарды (қырларды) құрайды.
Митохондриялар бөлу арқылы көбейеді. Митохондриялардың өмір 
сүру ұзақтығы 5 – 10 күнді құрастырады.
Митохондрияларда тыныс алу процесі жүзеге асырылады, оның 
нәтижесінде энергия босатылады. Сондықтан митохондрияларды жиі 
жасушалардың «энергетикалық станциялары» деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет