Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет78/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   120
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ 
1. Саговниктерді жасанды жағдайда қалай күту керек? 
2. Ж
алаңаштұқымды өсімдіктер туралы айтқанда
, «жеміс 
береді» терминін пайдалану неге қолайсыз болып саналады? 
3. Дара 
жарнақты 
және 
қос 
жарнақты 
өсімдіктер 
морфологиялық құрылымының ерекшелігі неде? 
4. Еріндігүлділер 
және сабынкөктер тұқымдастырының 
өкілдерін қалай ажыратуға болады? 
5. Жалды арпаныфлористикалық және ландшафттық дизайнда 
неліктен қолдануға болмайды? 
6. Жабайы 
өсетін құрлық орхидеяларын жерсіндірудің 
күрделілігі неде?


143 
11 ТАРАУ
 
ӨСІМДІКТЕР ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ 
НЕГІЗДЕРІ
 
Өсімдіктер географиясы — Жер бетіндегі таксондарды тарататын 
және өсімдіктер бірлестігін немесе фитоценоздарды зерттейтін 
ботаниканың өзіндік тарауы. Өсімдіктер географиясының негізгі 
мақсаты - биоттарды инвентаризациялау және 
биоалуантүрлілікті, күйін 
бақылайтын және қорғау шараларын әзірлеуін
және қалпына келтіруін 
зерттеудің негізін құрайтын әртүрлі бөлшектердің таралуын анықтау 
болып саналады. 
ФЛОРА. ӨСІМДІК
 
Тарихи қалыптасқан белгілі бір аумақта өсімдіктер түрлерінің 
жиынтығын Флора деп атайды. Толықтай бір құрлықтың флорасы 
немесе қандай да бір ауылдың немесе қаланың жақын жатқан 
аймағындағы флора туралы айту заңды болады. Флора аумағының 
шекаралары 
геоморфологиялық
құрылым (жаға жолы, суайырық және 
т. б.), сол сияқты шартты шекаралар, мысалы әкімшілік болуы мүмкін. 
Көп жағдайларда ботаникогеографтар флораларды алқаптары 
салыстырмалы аумақтармен салыстырады. Флораның байлығы оның 
жасына, экологиялық жағдайларының алуандылығына, шығу тегіне 
байланысты. Мысалы, көне флора жас флораға қарағанда бай; тауды 
флора жазық флорадан байлығымен және алуандылығымен және т.б. 
басымырақ. 
Белгілі бір аумақтың 
өсімдіктер қауымдастығы жиынтығын өсімдік 
деп атайды
. Алуан түрлі өсімдіктер флораның аумағына рет-ретімен 
бөлінген, ал бір-бірімен нақты биотопқа белгілі бір тізіммен үйлескен. 
Осындай төзімді үйлесу осы аумақтың өсімдік жабынын құрайтын 
биоценоздер немесе фитоценоздер, немесе өсімдіктер қауымдастығын 
білдіреді. Фитоценоздердің жер бетінде орналасуы, бірінші кезекте, 
климатпен қамтамасыз етілген. Температуралық жағдай мен жауын-
шашынды таратудың айырмашылығы климат зоналарын белгілеуге 
мүмкіндік туғызады.


144 
Фитоценоздардың көпшілігі сол немесе басқа климат зонасына нақты 
орналасқан. Олар зоналық өсімдіктер деп аталады. Климат факторлары 
макро- и мезорельефпен түрленуі мүмкін. Мысалы, өзен аңғарында 
немесе жартастарда жылу мен ылғалдың ара қатынасы плакорларға 
қарағанда өзгеше. Мұндай жерлерде өсімдіктердің зоналықтан 
айырмашылығы бар. Ол экстразоналық климат өсімдіктері деп аталатын 
аталмыш жерге қарайтын көрші жатқан климат зонасының 
қоғамдастығымен ұсынылуы мүмкін. Басқа типі белгілі бір климат 
зонасына нақты орайласпайтын және бірнеше немесе тіпті 
көпзоналардың өзіндік мекен ортасында өсетін қоғамдастықты 
білдіреді. Мұндай формациялар 
бейаймақтық немесе интрааймақтық, 
өсімдіктер типтері болып топтастырылады.
Интрааймақтық өсімдіктер айқындалған зонаға жіңішке 
орайластығын білдірмейтін және бірнеше зоналарда кездесетін 
қоғамдастықтармен ұсынылады. Мұндай қоғамдастықтарға рельефтің 
белгілі бір типтерінде барлық зоналарда кездесетін, әсіресе, тайга мен 
тундра зоналарында дамыған әртүрлі мибатпақтар жатады. Сондай-
ақ шалғындықтар кеңінен таралған.  
Өсімдіктердің (жануарлардың, саңыракқұлақтардың) әрбір түрі жер 
қабатының тек белгілі бір аумағында - ареалында қоныстанады. Жер 
бетінде табиғат жағдайлары ұқсас болмағандықтан ареал шекаралары, 
ең алдымен, сыртқы орта факторларына байланысты: физико-
географиялық (суаттар мен құрлықты бөлетін жаға жолдары, таулы 
жүйелер жазық түрлері мен жазықтар үшін — тау түрлері үшін); 
белдеулік (температуралық жағдай және жауын-шашын жағдайы); 
эдафикалық (химиялық және механикалық және жер қыртысының 
құрамы); биотикалық (ағзалардың басқа түрлері өзара әрекеттесуі — 
ағзалардың тіршілік әрекеті
процессі, мысалы эпифиты және т.б. 
ортаның өзгеруі). 
Ареалдың екі негізгі 
құрылымдық типтері: жеке үзіндіден тұратын
тұтас ареал және дизъюнктивтік, немесе бөлшектелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет