Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет84/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   120
Далалар және жайылмалар. Солтүстік Америка мен Еуразияның 
құрлықішілік өңірлерінде жайылмалар мен далалар атты азды көпті 
ксерофилді шөп қауымдастықтары үлкен аудандарда орналасқан. Осы 
өңірлерге қатты қыс және тұрақты қар жамылғысы тән. Жауын-шашын 
жыл ішінде бірқалыпты таралған, жазы құрғақ. Дала өсімдігі жоғары 
құнарлылықпен сипатталатын қара топырақты және қызғылт 
топырақтармен байланысты. 
Далаларына Бетеге (Stipa), Бозот (Fes- tuca), Қоңырбас шисабақ 
(Koeleria) тұқымдары тән. Солтүстікамерикандық жайылмаларда 
Бозшалғын (Andropogon) түрлері және Еуразияда таралмаған кейбір 
басқа түрлері кең таралған. 


154 
Тұқымдардан басқа, далаларда жамылғының қалыптасуында 
даланың алуан шөптері деп аталатын ксерофилді қос жарнақты 
өсімдіктер маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, эфемерлер және 
көктемгі мен ерте жазғы аспектілерді қалыптастыратын эфемероидтар 
келтірілді. 
Далалардың өсімдік жамылғысын қалыптастыруда бұталардың 
(Спирея 
(Spiraea), 
Дала шиесі (Cerasus), Арша (Juniperus) 
тұқымдарының түрлері) маңызы зор. Іс жүзінде барлық дала 
өсімдіктеріне терең енетін және қарқынды бұтақтанған тамыр жүйесінің 
бар болуы тән. 
Ылғалдандыру градиенті бойынша Еуразия далаларын солтүстіктен 
оңтүстікке 
қарай 
шалғынды 
далалардың 
және 
далаланған 
шалғындардың, қазіргі және шөлденген далалардың белдем 
тармақтарына бөледі.
Солтүстікамерикандық жайылмаларда орманды далалардың алуан 
түрлі шөптер мен биік тұқымдардың (бетегенің, бозшалғынның, 
бозоттың түрлері) молшылығымен биік шөпті жайылмаларға, кейін 
аралас жайылмаға және грамма шөбі (Boute- loua gracilis) мен бизон 
шөбінің (Buchloe dactyloides) үстемдігімен аласа шөпті жайылмаға 
ауысуы ескеріліп, шығыстан батысқа қарай жауын-шашын мөлшерінің 
азаюы орын алады. Мұнда алуан түрлі шөп аз, жусанның өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет