153
ярустары жақсы дамыған болып келеді.
Шөпті ярусты біріктіруде
баданалы және түйнекті өсімдіктер маңызды рөлді атқарады.
Бұрын Жерорта теңізінің байырғы қауымдастықтары тас еменінің
(Quercus ilex) басымдығымен
мәңгі жасыл қатқыл жапырақты
ормандар болды, ал қазіргі кезде адамның қызметі және,
тиісінше,
ормандардың деградациясы нәтижесінде көбінесе
маквис деп аталатын
қауымдастықтардың бұталы түрлері сақталды. Маквистің құрамына
түрлі бұталар және кесу мен өрттің әсеріне төзімді кейбір ағаштар
кіреді. Көбінесе маквис аршагүлдердің, ладанниктердің, бүлдірген
ағашының түрлерімен, шығыс Жерорта теңізінде – жабайы зәйтүн,
айлауық, мирт, пісте ретінде келтірілген.
Өсімдіктің Жерорта теңізінің жағдайларына бейімделуі:
■
ағаштар мен бұталар склерофиттер тобына жатады, бұл салқын әрі
ылғалды қысқа және құрғақ ыстық жазға бейімделуі (қабықтың
немесе тығынның бар болуы,
болмашы биіктікте бұтақтану,
ағаштың жалпақ ұшар бастары, қатты жапырақтары, жиі мамықтану
және жапырақтардағы балауыздың бар болуы) болып табылады.
■
ылғал жетіспеген кезде лептесіктердің бөлігі жабылады және
тамырдан ылғалдың келуі баяулағандықтан, субулану әлсірейді;
■
көптеген ағаштар мен бұталарға топыраққа
терең енетін тамыр
жүйесі тән;
■
редукцияланған түктіленген жапырақ алақандары бар көп жылдық
тырбық өсімдіктер, шыбық тәрізді және тікенекті формалар тән,
транспирацияның төмендеуіне бейімделу.
11.2.3. Қоңыржай климаттың өсімдік
аймақтары
Достарыңызбен бөлісу: