Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Полярлық шөлейттер мен тундралар



Pdf көрінісі
бет87/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   120
 
Полярлық шөлейттер мен тундралар. Полярлық шөлейттер мен 
тундралар Солтүстік Американың солтүстік бөлігінде шығыстан 
батысқа қарай және Еуразияда (еңі 100-ден 200 км дейін) тұтас алқап
болып созылады. Оңтүстік жарты шарда тек қана шағын ұқсас учаскелер 
бар. 
Температуралық режим: ұзақ қыс (поляр түні 7 — 8 ай), қысқа 
салқын жаз (2 — 2,5 ай). Орташа жылдық температура -5-тен -10 °С-ге 
дейін. Шілде айының орташа температурасы +2-ден +10 °С-ге дейін (ең 
жылы тундралар Кола түбегінде және Исландияда орналасқан). Қаңтар 
айының орташа температурасы -20-дан -30 °С-ге дейін (абсолюттік 
минимум -50 °С-ге дейін). 
Жауын-шашын режимі: жылына 170 — 300 мм (Кола түбегінде 
жылына 500 мм дейін). 
Ылғалдандыру коэффициенті: 1-ден көп. 
Тундрада топырақ тундра-қопалы: қарашірік қабаты жоқ
көпжылдық тоң бар (Кола түбегінде ол жоқ). Жібу тереңдігі субстрат 
түріне байланысты. 
Өсімдік ерекшеліктері. Тундралардың өсімдік жамылғысының 
өзіндік ерекшеліктерінің бірі – олардың ормансыздығы. Тундраның 
өсімдіктері - криофиттер – қысқа әрі салқын вегетациялық кезеңге 
және топырақтың төмен температурасына бейімделген: тырбық, 
жатаған және жиі жастық тәрізді, баяу өседі. Өсімдік жамылғысында 
мүктер мен қыналар көп. Қияқтар, ұйпабастар, полярлық тал тән 
болады. Сонымен қатар, тундраның өсімдіктеріне ірі гүлдер (мұзды 
аютабан, қосгүлді қожағай, лапландиялық мүк, мұзды көкгүл) тән. 
Гренландиялық ложечница (Cochlearia groenlandica) сияқты кейбір 
өкілдері гүлденген түрде қыстай алады. Тундра өсімдіктерінің арасында 
жәндікқоректі 
өсімдіктердің 
түрлері 
де 
кездеседі, 
мысалы 
желімжапырақ (Pinguicula). 


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАР ЖӘНЕ ТАПСЫРМАЛАР 
1. Өсімдік әлемінің (флораның) өсімдіктен айырмашылығы 
неде? 
2. Қандай өсімдікті экстрааймақты деп атайды? 
3. Қандай факторлар ареал шекарасына әсер етеді? 
4. Өсімдіктің қандай ерекшеліктері тропиктік ормандардың 
аймағына тән? 
5. Қандай өсімдік аймақтары қоңыржай климаттық белдеуде 
келтірілді? 
6. Жарық жетіспеушілігі жағдайында күңгіртқылқанды 
тайганың өсімдіктерінде қандай бейімдеушілік 
қалыптасады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет