Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет115/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Бақылау сұрақтары:

  1. Доминанттылық (басымдылық) заңының мәні неде? Мысал келтір.

  2. Толық емес доминанттылық және кодоминаттылық деген не? Мысал келтір.

  3. Адамда қан топтары қалай тұқымы қуалайды?

  4. Көпшілік аллелизмге қан топтарын мысалға ала отырып, оны түсіндіріп беріңдер.



Тест есептер

  1. Дрозофила жеміс (шыбыны) денесінің сұр түсі қара түсінен басым. Денесі сұр тұсты екі шыбынды бір-бірімен шағылыстырғанда ұрпағында 1200 сұр түсті және 400 қара түсті шыбындар алынған.

а. Сұр түсті шыбындардың қаншасы гомозигота болады?
1) 100; 2) 200; 3) 300; 4) 400; 5) 600;
ә. Сұр түсті шыбындардың ішінде қанша гетерозиготалы шыбындар бар?.
1) 200; 2) 400; 3) 600; 4) 800; 5) 1000.
2. Ерлі-зайыптылардың екеуі де альбинизм белгісі бойынша гетерозиготалы. Олардан әртүрлі жұмыртқалы егіз балалар дүниеге келген. Олардың екеуінің де альбинос болуының ықтималдығы қандай?.
1) 25 %; 2) 50 %; 3) 75%; 4) 100%; 5) 12,5%
3. Адамда алты саусақтың болуын доминантты геннің, ал бес саусақтың болуын рецессивті геннің анықтайтыны белгілі. Бес саусақты әйел, гетерозиготалы алты саусақты ер адамға тұрмысқа шыққан. Отбасында алты саусақты бала болуының ықтималдығы қандай?
1) 25 %; 2) 50 %; 3) 75 %; 4) 100 %; 5) 12,5 %
4. Ерлі-зайыптылардың екеуі де гомозиготалы алты саусақты отбасында бес саусақты балалардың тууы мүмкін бе?
1) Иә; 2) Жоқ.
5. Бір жұмыртқадан пайда болған екі қыз, өздері сияқты егіз жігітке тұрмысқа шықса, олардан туылған балалар өздері сияқты бір-біріне ұқсас бола ма?
1) Иә; 2) Жоқ.
6. Қара көзді жігіт көк көзді қызға үйленеді. Қара көзді белгі көк көздіден басым. Олардан қара көзді 8 бала туады. Осы отбасындағы балалардың генотипін анықтау керек.
1) АА; 2) Аа; 3) аа; 4) Аа аа; 5) АА АА.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет