Оқулық Сараптамашыға ескерту!


Тәжірибеде алынған мәліметтерді төмендегі кестеге енгізу керек



бет112/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Тәжірибеде алынған мәліметтерді төмендегі кестеге енгізу керек



Ата-ана
және
будандар

Зерттелген өсімдіктер

Оның ішінде

теориялық күтілу
9:3:4

тәжірибеден алынған

барлығы

фуркатты

мұртшалы

мұртшасыз

♀ сорт ГБ -18

20

0

0

20

-

-

♂ Винер

20

0

20

0







Ғ1

40

40

0

0

біркелкілік

Ғ2

160

86

32

42

90:30:40;

86:32:42

Эпистаз
Аллельді емес әрекеттесуі нәтижесінде бір геннің әсерінен екінші ген тұншығады: мысалы, А> В және В > А; а> В немесе в>А, т.б. осындай құбылыс эпистаз деп аталады.
Тұншықтырушы гендерді супрессор немесе басытқы (ингибитор) деп атайды. Оны S немесе J әрпімен белгілейді.
Эпистаз екі типке бөлінеді. Олар доминантты және рецессивті эпистаз.
Мысалы, жуаның бояусыз жуашықты екі формасын шағылыстыру нәтижесінде алынған буданның жуашығы да бояусыз болады. Ғ1 ұрпақтың буданын бір-бірімен тозаңдандырғанда, Ғ2 ұрпақта боялмаған жуашығы бар өсімдік, боялған өсімдік алынады.
7-үлгі
ақ ақ фенотип
РР ♀ ААІІ х ♂ ааіі генотип
Ғ1 АаІі ақ
Дигетерозигота
Ғ2 А-І-; ааІі- А-іі
Доминантты эпистаз Ғ2 кезінде фенотип бойынша басқа да 12:3:1 ажырауда бере алады. Мысалы, дәні қара-қоңыр сұлы өсімдігін дәні сұр сұлымен шағылыстыру кезінде, Ғ1 ұрпақта қара-қоңыр болады. Ал Ғ1 ұрпақ өздігінен тозаңданғанда Ғ2 ұрпақта белгілер қара-қоңыр; сұр және ақ дәнді өсімдіктер пайда болады. Тәжірибеден алынған мәліметтерді төмендегі кестеге енгізу керек.
22-кесте



Ата-анасы және будандар

Зерттелген өсімдіктер

Ажырау

Барлығы

Соның ішінде

Теориялық күтілу
12:3:1

Тәжірибеден алынған

Қара-қоңыр

Сұр

Ақ



10

10

-

-

-

-



10

-

10

-

-

-

Ғ1

20

20

-

-

біркелкілі

Ғ2

96

74

17

5

72:18:6

74:17:5






















Асқабақ жемісінің түсі, жүгері дәнінің түсі, пияз жуашығының түсі, мақта өсімдігінің мақта талшығының түсі, т.б. аллельді емес гендердің эпистаздың әсеріне мысал бола алады.


Полимерия.
Тапсырмаларды орындау.
Егер аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде бір белгінің көрінуіне екі немесе одан да көп аллельді емес гендердің әсері болса, ондай құбылысты полимерия деп атайды.
Мұндай гендерді полимерлі гендер дейді. Мысалы, А1А1а2а2; А1А1а2а2; а1а1А2А2 немесе а1а1а2а2. Полимерлік гендер мәдени өсімдіктер мен жануарлардың ауыл шаруашылығына қажетті, бағалы белгілермен қасиеттерін бақылайды. Мысалы, қызыл дәнді бидай мен ақ түсті бидайды шағылыстыру кезінде Ғ1 ұрпағында бидайдың дәндері бәрі қызыл болған, ал Ғ2 ұрпағында белгілердің ажырауы ; қатынасында болады. Сонда дәндердің түсі қанық қызылдан солғын қызылға дейін болып, дәні ақ болады.
8-үлгі
қанық қызыл ақ фенотипі
РР ♀ А1А1А2А2 х ♂ а1а1а2а2 генотипі
Ғ1 А1а1А2А2 - ашық қызыл
дигетерозигота
Ғ2 А1А1А2А2 А1а1А2А2 а1а1а2а2
А1А1А2А2 А1А1А2А2 т.б.
Белгілердің тұқым қуалау жағдайында, Ғ2 ұрпақта пайда болған организмдер, белгілері жағынан ата-аналық формаларымен салыстырғанда не басым, не әлсіз болуы мүмкін. Мұндай құбылысты трансгрессия дейді.
Студенттер бұл тапсырманы орындауда, жүгері собығы дәнінің қатарының санын, собығының ұзындығын, бидай масағының ұзындығын, бойының биіктігін, т.б. өсімдіктердің белгілерін алуға болады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Аллельді емес гендердің өзара әсері кезіндегі тұқым қуалаудың қандай типтері бар?

  2. Эпистаздық полимериялық өзара әсерінде белгілер қандай сан қатынасында ажырайды?

  3. Гендердің өзара әсерінің теориялық маңызы.

24-жұмыс


Тақырыбы: Мутацияны туғызу тәсілдері.
Мақсаты: Мутацияны алу тәсілдерімен таныстыру.
Тапсырмалар:

  1. Бидай, жүгері, арпа тұқымдарын химиялық мутагендермен және радиациямен өңдеу.

  2. Мутагендік фактормен таныстыру, олардың өңдеу концентрациясын дайындау, дозаларын білу.

3. Мутантты формалардың пайда болуы мутагеннің концентрациясына, радиацияның дозасына байланысты, ол белгілердің жилігін анықтау, суретін салу, кестеге жазу.
Тапсырмаларға түсініктеме
Әр өсімдік тұқымқуалаушылық және өзгергіштік қасиетімен сипатталады. Өзгергіштік тұқым қуалаитын (генотиптік) және тұқым қуаламайтын (модификациялық) болып екіге ажыратылады.
Тұқым қуалаитын өзгергіштікке шағылыстыру кезінде гендердің комбинациялануынан, гендер немесе хромосомалар структурасының өзгеруінен хромосомалар санының өзгеруінен (полиплоидты) пайда болатын өзгергіштіктер жатады. Модификациялық өзгергіштікке организмдердің онтогенезінде, сыртқы ортаның әсерінен туатын өзгергіштікті жатқызады. Бұл өзгергіштік тұқым қуаламайды.
Мутациялық өзгергіштік
Мутация деп әртүрлі мутагендердің әсерінен организмдердің тұқым қуалаушылық белгілерінің немесе қасиеттерінің өзгеруін айтады. Мұндай организмдерді (өсімдіктерді) мутант деп атайды.
Мутацияның: 1. Гендік мутациялар. 2. Хромосомалық мутациялар. 3. Геномды мутациялар. 4. Цитоплазмалық мутациялар типтерін ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет