Микроскоппен жұмыс істегенде тіршілік қауіпсіздігін сақтау Микроскопты жарық түсіргіш аппаратымен жұмыс істегенде, 1000 вольтке дейін электр қондырғыларында пайдаланатын қауіпсіздік ережелері сақталады.
Жарық түсіруші аппаратының лампасын бұрап алғанда, электр жүйесінен ажырату керек. Қолды күйдіріп алмау үшін, лампаны 15–20 минуттан кейін ауыстырған жөн.
Жұмыс аяқталған соң, микроскопты жарық аппаратымен, электр жүйесінен ажырату керек.
Микроскоппен жұмыс істеудің ережелері Микроскопты таза және түрлі сілкіністерден сақтау қажет. Микроскоппен жұмыс істемегенде қабымен (чехол) жабулы болады.
Микроскоптың оптикалық бөлігінің тазалығына көңіл бөлу.
Линзалардың бетіне саусақтар тимеуі керек.
Оптикалық аспаптарда шаң тимеуі үшін өз орнында (окуляр тубуста, объектив тапаншада, конденсор) болуы керек. Оларды ағаш таяқшаға оралған таза мақтаны арнайы ерітіндімен ылғалдап сүрту керек.
Объективтерді, окулярды, конденсорды бөлшектеуге болмайды.
Микроскопиялық нысандарды өлшеу Цитологиялық, цитогенетикалық зерттеулерде ядроның, тозаң түйіршіктерінің диаметрін, ұзындығын, хромосомалардың мөлшерін, жасушаның пішінін анықтау қажет болады. Осы мақсатқа арналған құрал-жабдықтар (окуляр-микрометр, компенсациялық окуляр шкаласымен және винтті окуляр-микрометр) беріледі.
Окуляр-микрометр. Окуляр-макрометр Ұзындығы 5 – 10 мм, 50 немесе 100 бөлікке бөлінген тура шкаласы бар дөңгелек шыны тәрізді пластинка. Микроскопиялық нысанды өлшеу үшін окуляр-микрометрдің диагфрагмасына орналастырады. Микроскоптың окулярына қарағанда, біз окуляр-микрометрдің шкаласын және препараттағы зерттелетін нысанды көреміз. Препаратты жылжыта отырып, осымен бірге окулярды айналдырғанда окуляр-микрометрдің шкаласындағы нысанның мөлшерін, ұзын-қысқасын анықтауға болады. Микроскопиялық нысанның дәл өлшемін микронда немесе миллиметрде анықтау үшін оның өлшемін окуляр микрометрдің бір бөлігінің мәніне көбейту қажет. Осыған байланысты микроскоптың окуляры және объективтің әр комбинациясы жеке анықталады. Әр микроскопқа жеке кесте құрайды. Бұған арнайы объектив-микрометр қолданады. Оның шкаласының ұзындығы 1 мм, 100 бөлікке бөлінген. Объектив-микрометрдің шкаласының бір бөлігі 10 мк–ге тең.
Мысалы: Егер микроскоптың объективі 40х, окуляр 7х болса, ал объектив микрометрдің 5 бөлігі окуляр-микрометрдің 13 бөлігіне сәйкес келеді. Окуляр-микрометрдің бір бөлігі = 5х10/13 = 3,85 микронға тең. МБИ-3,МБИ-6 микроскоптарында микроскопиялық нысандарды өлшеу үшін компенсациялық окуляр К7х шкаласымен беріледі. Мұндай окулярдың диафрагмасында 100 бөлімнен тұратын шкаласы орнатылған немесе окуляр-микрометрге окуляр кигізген. Көз линзасының жақтауын бұрағанда көз линзасы шкаланың бөлімдеріне түседі. Микроскопиялық нысандарда компенсациялық шкаласы бар окулярмен өлшеу нәтижесі окуляр-микрометр өлшегенмен бірдей.