Оқулық Сараптамашыға ескерту!


Өсімдіктердің тамыр меристемасын алдынала ингибиторлармен өңдегендегі митоздық бөлінудің белсенділігін анықтау



бет9/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Өсімдіктердің тамыр меристемасын алдынала ингибиторлармен өңдегендегі митоздық бөлінудің белсенділігін анықтау
Ұлпаларда митотикалық белсенділігі митоздың фазаларындағы жасушалардың санының меристема жасушаларындағы жалпы жасушаларының қатынасымен анықталады. Бұл қатынас пайызбен немесе митотикалық индекспен белгіленеді. Митоздың белсенділігі көбіне, промилмен (0/1000) анықталып, зерттелетін ұлпаның 1000 санына тең.
Митотикалық циклдің белсенділігін тұрақты немесе уақытша дайындалған препараттармен зерттейді. Бұл уақытта жасушалар бөлінетін зона формасы және мөлшері жағынан басқа зонадан жақсы айқындалуы тиіс. Сабаққа алдын ала өңделген (ингибиторлармен) пияздың, бұршақтың, арпаның, қарақұмықтың, қант қызылшасының, т.б. дақылдардың тұқымын алады.
Тапсырманы орындау:

  1. Жоғарыда көрсетілген дақылдардың өсіндісінен жасалған тұрақты және уақытша препараттарды микроскоппен (объектив х9, окуляр х15) мұқият қарап жасушаның бөліну зонасын анықтау (тамырдың өсу меристемасы). Тұрақты препараттан жасушалардың қатары жақсы көрінеді. Әр препараттан қатардағы жасушалардың санын анықтап, қатардың санына көбейтеді. Бұдан соң митоздың фазаларындағы жасушаларды санайды. Уақытша дайындалған препараттарды митозда жасушалардың жалпы санын анықтайды.

  2. Бақылау нұсқадағы және тәжірибедегі жасушаларды жалпы санын есептеп, кестеге енгізу қажет (1-кесте).

  1. Профаза, метафаза, анафаза және телофазадағы жасушаларды санап, кестедегі орнына жазыңдар.

  2. Басқа фиксациялардағы митоздың фазаларындағы жасушаларды санап, кестеге енгізіңдер. Алынған нәтижелерді дәл бөлу үшін, фиксациялардағы нәтижелерді біріктірген жөн.

  3. Митотикалық индексті МИ= М/Nх1000 формуласымен анықтайды, мұнда, М – митоздың саны, N – бөліну зонасындағы жасушаның саны.

  4. Тәжірибенің нәтижелерін қорытындылау және митотикалық белсенділігінің тамыр меристемасының ұзындығына тәуелді екенін анықтау.

1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет