Тақырыбы: Жасушаның жыныссыз митоз жолымен бөлінуі.
Мақсаты: Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының митоздық бөлінуімен және хромосомалар құрылысымен танысу.
Құрал-жабдықтар: 1. Пияздың немесе басқа өсімдіктердің тамыр меристема жасушасынан жасалынған және аскарида, тышқан (Musmuslus), адам жасушаларының тұрақты препараттары. 2. Микроскоп, 3. Сурет салғыш аппарат, заттық және жабын шынылар, инелер, пипеткалар, ацетокармин және ацетоарсеин бояулары, сорғыш қағаз, лупалар.
Тапсырмалар: 1. Микроскоптың құрылысы және онымен жұмыс істеу.
2. Митоздың фазаларын анықтап, суретін салу.
3. Хромосомалардың митоз фазаларындағы орналасу ерекшеліктерімен таныстыру.
Тапсырмаларға түсініктеме: Микроскоптың құрылысымен танысу.
Цитологиялық, эмбриологиялық және цитогенетикалық зерттеулерге арналған микроскоптар: МБИ-3, МБР-3, МБИ-11, МБИ-6, «Биолам» және Микмед 1.
Цитологиялық зерттеулерге микроскоптың объективтерінің 4 – 7 түрі, оның ішінде 90х болуы қажет. Бұдан басқа микроскоп жарық түсіргіш аппаратпен қамтамасыз (МБР-3, ОИ-9м, ОИ-19; басқа түрлерінде табанында орналасқан) етілуі керек.
Жарықты дұрыс орналастыру Кэлер әдісі бойынша жүргізіледі.
Микроскоптың құрылысы 1, 2-суреттерде көрсетілген:
2-сурет. Жарық түсіргіш аппаратты табанында орналасқан микроскоптың құрылысы
1 – окуляр;
2 – бинокулярлық қондырғы;
3 – револьвер (тапанша);
4 – объектив;
5 – зат қойылатын орындық;
6 – конденсор;
7 – фильтр;
8 – лампалы патрон;
9 – топса;
10 – конденсордың тұтқасы;
11 – микротұтқа;
12 – макротұтқа;
13 – тубус;
14 – табаны
Микроскоптың ұлғайтып көрсету сапасы, оның оптикалық бөлімінің құрылымымен анықталады. Жоғары сапалы объективтерді – апохроматтар, ал қарапайым объективтерді ахроматтар деп атайды. Окулярды таңдағанда микроскоптың жалпы ұлғайтып көрсетуі объективтің 1000 нумералық апертурасынан (НА) аспауы қажет. Мысалы, объективтің нөмірі 90х, нумералық апературасы (НА) 1,3 болса, сонда микроскоптың тиімді ұлғаюы 1300 ретке тең, сондықтан да окулярдың нөмірі 15х реттен аспауы керек. Егер окулярдың 20х есе немесе одан да жоғары болса, заттың қосымша бөліктерін байқай алмаймыз.
Сонымен микроскопты тиімді пайдалану үшін, оның жарық түсіргіш құрылымын Кэлер ережесі бойынша конденсордың, объективтің және коллектордың оптикасы өзара тең дәрежеде реттелуі қажет.
Тапсырмаларды орындау.
Микроскоппен жұмыс істегенде болатын қателер.
Микроскоптың құрылысының негізгі теориясын жетік түсіне бермегендіктен жұмыс үстінде өрескел қателіктер жіберілуі мүмкін.
Конденсор мен ойыс айнаны бірдей пайдалану препаратқа жарық түсіру принципіне қайшы.
Жоғары апературлық конденсорды NA=1,2–1,4 төменгі апературалық объективтермен NA= 0,2–0,4 пайдалану. Бұл қателікті болдырмау үшін, алдын ала конденсордың нумералық апертурасын төмендету керек, ол үшін жоғары орналасқан линзадан бұрап алады.
Зат шынысының қалыңдығын ескермей, конденсорды төмен түсіру.
Осы аталған қателіктер, микроскоппен жұмыс істегенде қаралатын препараттардың жарық түсіру принципін өзгертіп, микроскоптың оптикалық бөлімінің толық көрсетуіне мүмкіндік бермейді.