1-есеп. Гүлі дұрыс орналасқан қызыл
Қызыл гүлі дұрыс орналасқан арыстан аузы өсімдігін сары, гүлі зигоморфты (дұрыс емес) орналасқан өсімдікпен шағылыстырғанда Ғ1–ұрпақ будан өсімдіктердің барлығы қызғылт, зигоморфты гүлді болды, ал Ғ2 –ұрпақта: белгілер қалай тұқым қуалайды? Ата-аналық өсімдіктердің генотипін анықтаңдар. Ғ2 – ұрпақта қызыл, зигоморфты өсімдіктердің қандай бөлігі осы белгілер бойынша гомозигота?
Берілгені: Арыстан ауыз гүлінің түсі мен пішінінің тұқым қуалауы.
Р қызғылт гүлі дұрыс х сары, зигоморфты
↓
Ғ1 қызғылт, зигоморфты
Ғ2 ↓
↓
39 қызыл, зигоморфты
94 қызғылт, зигоморфты
45 сары, зигоморфты
15 қызыл, гүлі дұрыс
28 қызғылт, гүлі дұрыс
13 сары, гүлі дұрыс
_________________
234
Шешуі:
І. Әр белгілердің тұқым қуалауын талдау.
1. Гүлдің түсі.
1. Ғ1 – ұрпақ будандарының түсінің бірдей болуы – ата-аналық өсімдіктер гомозигота екенін білдіреді.
2. Ғ2 – ұрпақта белгілердің ажырауы:
қызыл қызғылт сары
39 94 45
15 28 13
── ── ──
54 122 58
Белгілердің ажырауы бойынша 3 (үш) фенотиптік класс түзілгендіктен, гүлдің түсі бойынша тұқым қуалауы моногенді толық емес доминанттылыққа жатады, яғни бір гаметаның үйлесу мөлшерін табамыз. 234 : 4 = 58,5. Тәжірибедегі белгілердің ажырауы. 54 : 58,5 = 0,9; 122 : 58,5 = 2,1; 58 : 58,5 = 1 немесе 1 : 2 : 1 қатынасы. Х2 әдісімен тексергенде (Х2 = 0,59, Р > 0,70) белгілердің ажырауы қатынасқа сәйкес.
Жауабы: Гүлдің түсі бір жұп аллельдермен анықталады, толық емес доминанттылық ата-аналық өсімдіктердің генотипі. АА – қызыл, аа – сары.
Гүлдің пішіні.
Ғ1 – ұрпақ буданының пішіні бірдей болуы ата-аналық өсімдіктердің гомозигота екенін көрсетеді.
Ғ2 – ұрпақта белгілердің ажырауы.
зигоморфты гүлі дұрыс
15
94 28
45 13
── ──
178 56
Ғ2 ұрпақта белгілердің фенотип бойынша ажырауында екі класс түзілетіндіктен және зигоморфты белгі гүлі дұрыс орналасқаннан белгіден басым болуы белгілердің моногенді тұқым қуалайтынын көрсетеді. Бір гаметаның үйлесу мөлшерін табамыз. Ол – 58,5 тең. Тәжірибедегі белгілердің ажырауы 178 : 58,5 =3; 58 : 58,5 = 0,9; 3 : 1 қатынасқа жуық. Х2-әдісімен тексергенде (Х2 = 0,15, Р > 50) белгілердің ажырауы 3 : 1 қатынасқа сәйкес.
3. Аллельдерді белгілейміз. В – зигоморфты, в – гүлі дұрыс. Бастапқы өсімдіктердің генотипі. ВВ – зигоморфты, вв – гүлі дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |