Жауабы: Еркектің генотипі – ааВв. Бірінші әйелдің генотипі –АаВв, екінші әйелдің генотипі – ААВВ. Екінші әйел гетерозигота болмайды.
4-есеп. Өсімдіктердің генотипі – АаВвСС. Гендер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды.
а) осы өсімдік қанша гамета түзе алады?
ә) осы өсімдікті бір-бірімен будандастырғанда толық басымдылық жағдайда қанша фенотипті класс түзіледі?
б) осы өсімдікті өзара будандастырғанда қанша генотипті клас түзіледі?
в) а-гені бойынша толық емес доминанттылық жағдайда өзара будандастыру жүргізгенде қанша фенотипті класс түзіледі?
Берілгені: Генотипі – АаВвСС өсімдік гендері бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды.
Шешуі: Ажыраудағы фенотипті және гаметалардың түзілу типін мына формамен 2n анықтайды, n гетерозигота күйдегі гендердің саны 3n формуламен анықтайды. Гендердің тәуелсіз тұқым қуалауында фенотиптердің қатынасын әрбір гендердің фенотипінің көріну ықтималдығын көбейту арқылы анықтайды. Генотиптердің қатынасын әрбір ген бойынша генотиптердің көріну ықтималдығын көбейту арқылы анықтайды.
1. Гаметалардың типі 22 = 4 (С гені бойынша ажырау жоқ).
АВС аВС
АаС авС (1-қосымшаны қара)
2. Фенотиптер – 22 – гаметаға ұқсас.
Екі ген бойынша толық доминантылыққа фенотиптердің қатынасы:
(А) (В) С = АВС.
(А) (в) С = АвС.
(а) (В) С = аВС.
(а) (в) С = авС.
3. Гендер тәуелсіз тұқым қуалағандықтан 9 генотип (32) түзіледі, олардың қатынасы А және В гендерінің генотиптеріне байланысты, өйткені С гені бойынша ажырау жоқ.
(АА) (ВВ) С = ААВВСС = 1
(Аа) (ВВ) = АаВВСС = 2
(аа) (ВВ) = ааВВСС = 1
(АА) (Вв) = ААВвСС = 2
(Аа) (Вв) ) = АаВвСС = 4
(аа) (Вв) = ааВвСС = 2
(АА) (вв) = ААввСС = 1
(Аа) (вв) = АаввСС = 2
(аа) (вв) = ааввСС = 1
А гені бойынша толымсыз доминанттылыққа фенотип бойынша ажырауының ықтималдығы:
А гені бойынша: АА : Аа : 1аа.
В гені бойынша: В : вв.
Алынған ықтималдықты көбейту нәтижесінде 6 фенотиптік класс аламыз ( 3 : 6 : 3 : 1 : 2 : 1):
ААВС ААввС
АаВС АаввС
ааВС ааввС
Үшгетерозиготалы будан 8 типті гамета түзеді. АВС, АВс, АвС, Авс, аВС, аВс,авС, авс. Дигибридті будандастырудай гаметаларды Пеннет торына орналастырып, мүмкін болатын ұрпақтардың генотипін жазамыз. Белгілердің генотип бойынша ажырауы 27 : 9 : 9 : 9 .:3 : 3 : 3 : 1-ге тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |