Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет93/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

ДНҚ синтезі. ДНҚ синтезі жасуша бөлінуінің алдындағы интерфаза кезеңінде жүреді. Бұл кезде ДНҚ молекуласы өзінің екі жіпшесінің комплементарлы көшірілуі жолымен екі еселенеді. Алдымен, ДНҚ орамасы гираза ферментінің әсерінен тарқатылады. Содан кейін әрбір жіпшеден ДНҚ ферменті полимераза көмегімен комплементарлы түрде жаңа жіпше синтезделеді. Сонымен ДНҚ молекуласының құрамында бір-біріне ұқсас екі қос тізбекті молекулалар пайда болады және олардың әрқайсысының бір тізбегі бұрынғы ескі, ал екіншісі жаңадан түзілген. Мұндай ДНҚ синтезінің түрі жартылай консервативті деп аталады. Ата-аналық ДНҚ-ның тарқатылуы мен синтез үдерісінің бір уақытта жүретін бөлігі репликациялық айырма деп аталады. ДНҚ синтезі үшін міндетті төрт дезоксириботри-нуклеотид – дАТФ, дГТФ, дЦТФ, дТТФ керек.
ДНҚ репикациясының жартылай консервативті екенін 1957 жылы америкалық ғалымдар М. Месельсон мен Ф. Сталь өздерінің тәжірибелерінде дәлелдеген. Микроорганизмдер ДНҚ-сының нуклеотидтері азоттың N15 ауыр изотопымен жоқ қоректік ортаға көшіріледі.
Осылайша біршеше қайталанып жасалған тәжірибенің нәтижесінде ДНҚ-ның бір «ауыр» және бір «жеңіл» жіпшелерден тұратынын дәлелдеген. Яғни, бұрынғы жіпше негізінде комплементарлы репликация жолымен жаңа жіпше түзеді.
Рибонуклеин қышқылы РНҚ-ның ДНҚ-дан айырмашылығы – ол бір тізбекті полимер, оның полимерлі жіпшесі қант қалдығы рибоза мен фосфор қышқылы қалдығының кезектесіп орналасуынан тұрады. РНҚ-ның әр қант қалдығына 4 азоттық негіздер жалғасқан: аденин, гуанин, цитозин және урацил (ДНҚ-дағы тиминнің орнына). Сонымен, РНҚ-ның ДНҚ-дан басты айырма-шылығы – оның құрамында тиминнің орнына азоттық негіз урацил, ал дезоксирибоза қантының орнына рибоза қанты кіреді.
РНҚ-ның: ақпарттық немесе матрицалық РНҚ (аРНҚ); тасымалдаушы РНҚ (тРНҚ) және рибосомалық РНҚ (рРНҚ)сияқты негізгі үш түрі бар. аРНҚ-ның қызметі: бір немесе бірнеше нәруздар жайлы ДНҚ-ның гентикалық ақпаратын жазу және нәруыздың синтезі жайлы ақпаратты цитоплазмаға тасымалдау. тРНҚ аминқышқылдарын рибосомаларға тасымалдайды, ал рРНҚ рибосоманың құрылымдық тірегін түзеді, онда нәруыз синтездеу үдерісі жүреді.
РНҚ синтезі. Генетикалық ақпаратты сақтайтын және жүзеге асыратын негізгі молекула ДНҚ молекуласы болып табылады. Белгілі уақытта белгілі ақпаратты уақытша сақтау үшін негізгі генетикалық ақпаратты көшіру қызметін ақпараттық РНҚ атқарады.
Ақпараттық РНқ мынадай үлгіде синтезделеді. Алдымен гераза ферментінің әсерінен ДНҚ бөлігі тарқатылады да, ДНҚ бағынышты РНҚ полимераза ферментінің көмегімен РНҚ-ға комплементарлы принцип бойынша синтезделеді. Фермент толық жұмыс істеу үшін міндетті түрде барлық төрт нуклеотид АТФ, ГТФ, ЦТФ және УТФ болуы керек. Барлық жүретін үдеріс ДНҚ репликациясына ұқсас болады, мұнда тек дезоксирибоза қанты рибозамен және тимин урацилмен алмасады. РНҚ-ның бір ерекшелігі – ДНҚ-ның негізгі жіпшесінен ажырап, цитоплазмаға тасымалданады. ДНҚ матрицасындағы РНҚ-ның синтезделу процесі транскрипция (лат. транскрипцио – көшіру ) деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет