Берілгені: АаВв х аавв
Ғ1 ↓
АВ – 903
Ав – 101
аВ – 98
ав – 898
────
2000
Шешуі: Талдаушы шағылыстыру нәтижесінде гетерозиготада 4 фенотиптік класс түзіледі. Егер А және В гендері тәуелсіз тұқым қуаласа, онда белгілердің ажырау 1:1:1:1 қатынасында болар еді. Алынған ұрпақтарда аталық және аналық (АВ және ав) белгілердің басым болуы, тіркесіп тұқым қуалауын көрсетеді.
Ұрпақтағы рекомбинаттар (Ав және аВ) гетерозигота жағдайында А және В гендерінің арасында кроссинговер нәтижесінде түзілгенін білдіреді. Кроссинговердің жиілігін анықтаймыз. Ол мына формуламен анықталады.
Кроссинговерге ұшыраған даралар х100
кроссинговердің =
жиілігі Жалпы даралар саны
Кроссинговердің жиілігі = =9,9% немесе 9,9 См.
Жауабы: А және В гендері бір хромосомада орналасқан. Олардың бір-бірінен қашықтығы – 9,9 См. __А _____9,9 ______В____
3-есеп. Гендердің тіркескені және хромосомада мына тәртіппен орналасқан: А – В –С; А және В гендердің арақашықтығы 8% кроссинговерге тең, ал В және С гендердің арақашықтығы – 10%. Сай келу коэффициенті – 0,6 тең. Генотипі АВС өсімдікте талдаушы шағылыстыру АВС жүргізгенде ұрпағында фенотиптік белгілері ажырауының күтілу қатынасы (%) қандай?
Берілген: Буданның генотипі , А – В геннің арасы 8%, В – С геннің арасы 10% кроссинговер.
А – В және В – С гендер арасындағы кроссинговер жиілігі бойынша (%) қосқабат кроссинговердің теория жүзіндегі бөлігін анықтаймыз.
0,8 х 0,10 х 100% = 0,8 олардың фенотипі Авс және аВС.
Егер сай келу коэффициенті белгілі болса, С = 0,6 және қосқабат кроссинговердің теориялық бөлігі анық болса (0,8%), тәжірибедегі қосқабат кроссинговердің пайызын есептеп шығаруға болады.
Х = 0,8 х 0,6 = 0,48 %.
Сондықтан тәжірибеде 0,24% даралардың фенотипі Авс және 0,24% даралардың фенотипі аВС.
А – В және В – С гендері кроссинговер нәтижесінде түзілетін фенотиптердің бөлігін анықтаймыз.
а) А – В гендері бойынша кроссинговердің фенотиптері АвС, аВс (Авс, аВС – қосқабатты кроссинговер) фенотиптері Авс, аВС даралардың бөлігі, белгілі 0,24 Авс және 0,24 аВС. А – В арақашықтығы – 8%. АвС + аВС гендердің арасынан кроссинговердің бөлігін анықтаймыз. АвС + аВС = 8% - 0,48% = 7,52 % немесе АвС = 3,76 %; аВС = 3,76 %.
ә) В – С гендері бойынша кроссинговердің фенотиптері: АВС, авс (Авс, аВС – қосқабатты кроссинговер ). В – С гендерінің арақашықтығы – 10% болғандықтан, АВС фенотипті кроссинговердің бөлігі АВС+ авс=10% – 0,48% = 9,52 % немесе АВС = 4,76 %; авс = 4,76 %.