Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет94/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Бақылау сұрақтар.
1.Нуклеин қышқылдары жасушада қандай қызмет атқарады.
2. РНҚ синтезі қалай жүреді?
3. Нәруыздар биосинтезі процесінде аРНҚ-ның рөлі қандай?
4.Нәруыздардың қызметі қандай?
5.Репликация дегеніміз не?
6.Чаргофф ережесінің мәні неде?
7.Ген және генетикалық код дегеніміз не?
8.ДНҚ мен РНҚ ұқсастығы және айырмашылығы неде?
Тапсырмаларды орындау
Молекулярлық генетикаға арнаған есептер шығарудың жолдары
1-есеп. ДНҚ молекуласының бір тізбегі: ААГГЦТЦТАГГТАЦЦАГТ сияқты нуклеотидтер қатарынан тұрады.
а. Комплементарлы тізбектегі нуклеотидтердің қатарын анықтаңдар.
ә. Комплементарлы тізбекте синтезделетін и-РНҚ кодонының қатарын анықтаңдар.
б. Комплементарлы тізбекте сақталған полипептидтегі аминқышқылдар қатарын анықтаңдар.
Шешуі:
а. ДНҚ молекуласындағы азотты негіздердің комплементарлық қағидасына сәйкес (А----Т, Ц-----Г) молекуланың екінші тізбегін құрамыз.
ААГГЦТЦТАГГТАЦЦАГТ – ДНК бірінші тізбегі
ТТЦЦГАГАТЦЦАТГГТЦА-- ДНК екінші тізбегі.
ә. ДНҚ және РНҚ молекуласындағы азоттық негіздердің комплементарлық қағидасына сәйкес (А-----У, Ц-----Г), и-РНҚ тізбегін құрамыз.
ТТЦЦГАГАТЦЦАТГГТЦА-ДНҚ екінші тізбегі
ААГГЦУЦУАГГУАЦЦАГУ—и-РНҚ молекуласы.
--- транскрипция.
б. Генетикалық кодтың триплетті екенін ескере отырып, и-РНҚ тізбегін жеке триплеттерге бөлеміз. Содан соң, полипептидте аминқышқылдарының қатарын генетикалық кодтың кестесі арқылы белгілейміз.
ААГ ГЦУ ЦУА ГГУ АЦЦ АГУ-и-РНҚ триплеттері.
лиз-ала-лей---гли-тре---сер--- полипептид
--- трансляция.
2-есеп. Нәруыз молекуласының құрылысы бойынша ДНҚ құрылысын анықтау. Миоглобин нәруызының молекулалық кесіндісінде амин қышқыл дарының орналасу реттілігі: валин-аланин-глутамин қышқылы-тирозин-серин-глутамин. Осы реттілікті кодондайтын амин қышқылдарының (ДНҚ молекуласының бөлігіндегі) құрылысын жазыңдар.
Шешу:
1. Кестеден әрбір амин қышқылын кодондайтын триплетті анықтаймыз Олар: валинді – УУГ, аланинді – ЦУГ, глицинді – ГУГ, т.б. кодондайды. Синтезге тек и-РНҚ қатысады. ДНҚ қатыспайды.
Егер амин қышқылын бірнеше триплетпен кодондаса, біреуін ғана алуға болады. Бұдан ретімен барлық амин қышқылдарын кодондайтын триплетті жазып шығамыз. Алынған полипептидті тізбек и-РНҚ құрылысын анықтайды. УУГ---ЦУГ---ГУГ....
2. Бұдан кейін и-РНҚ құрылысын кодондаған ДНҚ тізбегінің құрылысын анықтаймыз. Ол үшін и-РНҚ молекуласы кодондаған триплеттің қарсысына ДНҚ молекуласының кодонын жазамыз.
УУГ---ЦУГ---ГУГ... и-РНҚ
бірінші тізбегінің кодоны.
ААЦ---ГАЦ---ЦАЦ... ДНҚ
3. ДНҚ молекуласы екі тізбектен тұратындықтан 1-тізбектің кодонының астында комплементарлы 2-тізбектің кодонын түсіреміз.
1-тізбек. ААЦ---ГАЦ---ЦАЦ.
2-тізбек ТТГ---ЦТГ---ГТГ. 1-тізбекті және 2-тізбекті тік сызықша арқылы жалғастырып, ДНҚ молекуласының (бөлігінің) құрылысын анықтаймыз.
А А Ц Г А Ц Ц А Ц

Т Т Г Ц Т Г Г Т Г




3-есеп. ДНҚ молекуласының кестесі ТАА---АЦТ---ГЦГ---ААА---ТЦТ---ГАА---ГТЦ реттілікпен орналасқан нуклеотидтерден: тұрады. Геннің кодондалған бөлігінің полипептидті тізбегіндегі амин қышқылының құрамын және реттілігін анықтаңдар.
Шешуі:
1. ДНҚ-дағы нуклеотидтерді жазамыз, оларды триплетке бөлеміз. ДНҚ молекуласының тізбегінің кодонын аламыз. ААТ---ГАЦ---ТАТ...
2. Бұдан кейін ДНҚ кодонына комплементарлы и-РНҚ триплетін құрамызда астына жазамыз:
ДНҚ: ААЦ---ГАЦ---ТАТ...
и-РНҚ: УУГ---ЦТГ--- АУА
3. Кесте бойынша и-РНҚ-ның әрбір триплетін қандай амин қышқылы кодондағанын анықтаймыз.
4. Нәруыздың құрылысы:
Валин---Аланин---Лизин, т. б..
ДНҚ. ААЦ---ГАЦ---ТАТ
и-РНҚ УУГ—ЦУГ---АУА.
Белоктар: валин - аланин - лизин
4-есеп. Фанкони синдромымен (сүйек ұлпасының құрылымының бұзылуы) ауыратын науқастардың зәрі арқылы бөлінетін амин қышқылдарының и-РНҚ-сының триплеттері:
ААА; ЦГУ; ГАА; АЦУ; ГУУ; УУА: УГУ; УАУ.
Фанкони синдромына тән зәр арқылы бөлінетін амин қышқылдарын анықтау керек.
Жауабы: лизин---аргинин---глутамин қышқылы---треонин---валин---лейцин---цистеин---тирозин.
5-есеп. Бұқаның инсулин нәруызының молекуласында 51 амин қышқылы бар делік, ал ДНҚ екі көршілес орналасқан нуклеотидтің бір-бірімен арақашықтығы 34. 10 -11 метрге тең болса, онда бұқаның инсулинін кодондайтын ДНҚ молекуласының бір бөлігінің ұзындығы қандай болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет