Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет95/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Есептер.
1-есеп. Бұқаның инсулин нәруызының молекуласында 51 аминқышқылы бар делік. ДНҚ-да екі көршілес орналасқан нуклеотидтің бір-бірімен арақашықтығы 34*10-11 метрге тең болса, онда бұқаның инсулинін кодондайтын ДНҚ молекуласының бір бөлігінің ұзындығы қандай болмақ?
2-есеп. Инсулиннің В полипептидтік тізбегінің бір бөлігі 8 аминқышқылын құрайды. Олар: глицин---------изолейцин---------валин--------глутамин--------глицин--------цистеин--------аланин. Полипептидті тізбекті кодондайтын ДНҚ молекуласы үлескісіндегі кодонның құрамын және орналасу ретін жазыңдар.
3-есеп. 6 триплеттен тұратын геннің үлескісінде мутация нәтижесінде үшінші триплетте аминқышқылдар орын ауысқан, гуаниннің орнына цитозин түзілген: ААЦ----ТАТ-----ГАЦ-----АЦЦ----ГАА----ААА. Полипептидтегі аминқышқылдарының мутацияға дейінгі және одан кейінгі құрамын жазыңдар.
4-есеп. Нәруыздың құрамына 400 аминқышқылы кіреді. Егер ДНҚ молекуласындағы екі нуклеотидтің арақашықтығы 3,4*10-4 мкм болса, оны бақылайтын геннің ұзындығы қандай болмақ?
5-есеп. 400 аминқышқылынан тұратын нәруыз түзілуді бақылайтын геннің молекулалық массасын анықтаңдар. Нуклеотидтердің орташа молекулалық массасы – 300.
6-есеп. Геннің үлескісі ТГГ ТУГ ЦАГ ГАГ ГГГ ТТТ нуклеотидтер құрамынан тұрады. Егер: а) сол жағынан оныншы нуклеотид жоғалса; ә) 10-, 11- және 12-нуклеотид жоғалса, радиацияның әсерінен аминқышқылдар қалай өзгереді? Олардың кодондайтын аминқышқылдарының құрамы қалай өзгеретінін анықтаңдар.
7-есеп. Нәруыз тізбегі: валин-----лейцин-----гистидин-----серин-----изолейцин аминқышқылдарынан тұрады. Нәруыз синтезін бақылайтын геннің құрамындағы нуклеотидтер қатарын анықтаңдар.
8-есеп. Егер адениннің А саны 600 мыңға, гуаниннің Г саны 2400 мыңға тең болса, ДНҚ молекуласының еселенуіне бос нуклеотидтердің қандай түрлері және қаншасы жұмсалады?
9-есеп. Егер барлық нуклеотидтердің 22%-ын құрайтын 880 гуанинді нуклеотидтер болса, ДНҚ молекуласының кесіндісінде неше аденинді, тиминді, цитозинді нуклеотидтер бар?
10-есеп. ДНҚ-ның бір молекуласында тиминдік нуклеотид жалпы барлық нуклеотидтердің 16%-ын құрайды. Басқа қалған нуклеотидтер түрлерінің пайыздық мөлшерін анықтаңдар.
11-есеп. Зерттеушілердің пікірі бойынша адамның бір жыныс жасушасы ядросындағы ДНҚ молекуласының ұзындығы жуықтап алғанда 10,2 см болады. Бір жасушаның ДНҚ-сында қанша жұп нуклеотидтер бар?
12-есеп. Егер бір вирус 200 мың жұп нуклеотидтерден тұратын болса;

  • егер бактериядағы барлық нуклеотидтердің саны вирустағыдай 100 есе көп болса, бір бактерияда;

  • дрозофила шыбынының бір гаметасында ядросындағы нуклеотидтердің жалпы саны 200 млн жұпқа тең болса, ДНҚ молекуласының жалпы ұзындығы неге тең (нанометрмен алғанда)?

  • Дрозофила шыбынының, бактерияның және вирустың ДНҚ молекуласының жалпы ұзындығын салыстырыңдар. ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтер саны мен организмдердің күрделілігінің арасында қандай байланыс бар?

  • Барлық организмдерде ДНҚ молекуласының құрылымы және құрамы бірдей болғанымен, оның ұзындығы әртүрлі. Мұны қалай түсіндіруге болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет