Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет90/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

22-сурет 23-сурет 24-сурет


Транслокация дегеніміз – екі хромосоманың немесе бір хромосоманың (екі хроматида) хромосома материалымен өзара алмасуы (22-сурет). Д→А – хромосомалар арасында.
Инверсия дегеніміз – бір хромосоманың ішкі бөлігінің 1800 өзгеруі (23-сурет). А – хромосома.
Сақина тәрізді хромосомалар – бұл таяқша тәрізді хромосоманың сақина тәрізді болып өзгеруі (24-сурет).
Жетіспеушілік (делеция) деп хромосома иықтарының бөлшектерге үзілуін айтады. Хромосомалық мутациялар гендердің жұмысын өзгертеді. Мысалы, центромерасы бар транслокациялық, инверсиялық мутациялар тұқым қуалайды. Олар эволюция үдерісінде жаңа түрлердің пайда болуына ықпал етеді.
Тапсырмаларды орындау:
Микроскоптың көмегімен өсімдіктердің уақытша препараттарынан хромосомаларды тауып, құрылымдық өзгерістердің типін анықта, препарттарды суретке түсіріп, жасушадағы хромосома жиынтығындағы өзгерістерді талдау.
Бақылау сұрақтары мен есептері:

  1. Өзгергіштіктің қандай түрлері бар?

  2. Мутациялық өзгергіштіктің түзілуі және ұрпаққа беру жолдары.

  3. Хромосомдық мутациялардың түрлерін анықтаңдар.

Есептер:
1-есеп. Жүгері өсімдігінің кейбір түрлерінің жасушасының мейоздық бөлінуін зерттегенде ІV және V хромосомалары сақина түзетінін көрсетеді. Хромосомалардың осындай ерекше айқасуын немен түсіндіруге болады?
Шешуі: Бұл құбылысты ІV және V хромосомалар арасында реципрокты транслокация жүрген. Ал олардың гомологты хромосомалары өзгермей қалған. Осының нәтижесінде І мейоздың метафазасында төрт хромосомадан тұратын сақина түзіледі.
2-есеп. Мына хромосомалардың конъюгациясын көрсетіңдер:
1 · 2· 3· 6· 7· 8 · 9
---------------------------
---------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8 9 (сандар гендерді көрсетеді).
Шешуі. Делецияға ұшыраған гомологты хромосома үлескісінің 4- және 5-гендері жоқ. Сондықтан өзгермеген қалыпты хромосомада осы жерінде түйін пайда болады. Хромосомалар тек 2 үлескісімен ғана алмаса алады, бірінші – 1-, 2-генмен, екінші – 6-, 7-, 8-, 9-гендермен алмаса алады.
1 2 3 6 7 8 9
_____ __ ______
______ 3 4 5 ______

1 2 6 7 8 9






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет