Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


Денсаулық сақтаудың халықаралық жүйесі



бет60/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   95
4.5.Денсаулық сақтаудың халықаралық жүйесі.



  • Денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі таңға дейінгі жер бетінде қалыптасқан мемлекеттік (қоғамдық жүйе) басымдылықтағы, сақтандыру жүйесіндегі және жеке меншіктегі үш түрі белгілі. Алайда әрбір мемлекетте денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырудың бірнеше түрі қатар дамуда. Мысалы, Италия, Норвегия, Бельгия және Канада мемлекеттерінде денсаулық сақтау жүйесі бюджеттен түсетін қаржыға және қоғамдық қаржы көздеріне сүйене отырып жұмыс істейді.

    Германия мен Францияда медициналық сақтандыру жүйесі басымдылыққа ие болғанымен, тұрғындарға жеке меншіктегі медициналық көмек те көрсетіледі. Ұлыбританияда мемлекеттік жүйедегі денсаулық сақтау ісі айқын көрініс береді, ал жеке меншіктегі денсаулық сақтау жүйесі Америка Құрама Штаттарында ерекше дамыған. Сонымен қазіргі денсаулық сақтау жүйесінің таза бір түрі кездеспейді. Жеке мемлекеттердің тұрғындары білікті медициналық көмекке мүлдем қол жеткізе ала алмай жүр.

    Дамушы елдердің үкімет орындары тұрғындарға тегін медициналық көмек ұйымдастыра алмауда, ал тұрғындардың өз қаржысымен дәрігерлік көмек алуға шамасы келмей отыр.

    Ал жеке меншіктегі мамандандырылған сапалы медициналық көмек көптеген кедей тұрғындардың қол жетпейтін арманы болып қала беруде.Дамушы елдерде денсаулық сақтау жүйесі өте нашар деңгейде қаржыландырылған, дәрігер мамандар жеткіліксіз, төсек-орындар аурулардың сұранысына сай қалыптастырылмаған, мамандардың біліктілігі төмен болып қалуда. Бұл елдерде денсаулық сақтау ісін және жеке меншіктегі медицина мекемелерін қадағалау мемлекеттік басқару органдарының құзырына берілген. Провинцияларда денсаулық сақтау ісін басқару департаменттері, кеңестері және инспекциялары жұмыс атқарады. Негізгі медицина мекемесі – госпиталь болып табылады. Олардың құрамында емхана да болуы мүмкін. Аудандық деңгейде кішігірім денсаулық сақтау орталықтары жұмыс істейді. Олардың құрамында стационарлық төсек-орындары қарастырылған. Бұл мекемелерде көбінесе фельдшерлер мен медбикелер жұмыс атқарады.



    Кішігірім елді мекендерде медицина бекеттері ұйымдастырылған. Бұл мекемелерде медицина бикелері немесе санитарлар алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті береді. Дамушы елдердің денсаулық сақтау саласында біріңғай аймақтық құрылымдық жүйе қалыптасқан деуге болады. Оның құрамында медициналық бекет, медициналық орталық, ауылдық аудандық аурухана, орталық аурухана бар. Дәрігерлер аудандық ауруханадан бастап жұмыс істейді. Аудандық ауруханаға дейінгі мекемелер емхана түрінде кездеседі. Аурухананың көпшілігі қалалы жерлерде орналасқан және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Дамушы елдердегі ауруханаларға бөлінетін қаржы, экономикасы дамыған елдерге қарағанда едәір төмен. Ал экономикасы дамыған елдерде денсаулық сақтау жүйесін қолдауға жұмсалатын қаржы әрбір тұрғынға балап есептегенде орта есеппен 1000 доллардан келеді. ХХІ ғасырдың басында денсаулық сақтауға бағытталған бюджеттік қаржы 15-20 %- дейін артты (25 кесте).


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   95




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет