Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


Ауылдық дәрігерлік амбулаторидің құрамына кіретіндер



бет58/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   95
Байланысты:
Boleshov KDS Okulyk

Ауылдық дәрігерлік амбулаторидің құрамына кіретіндер:

1) Есепке алу және медициналық статистика кабинеті;

2) Дәрігерлік қабылдау бөлмелері, терапевтік, педиатриялық,

хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық, стоматологиялық және

инфекциялық бөлмелер бар;

3) Көмекші-диагностикалық бөлмелер, оның ішінде: жабдықталған

физиотерапевтік, зертханалық, рентгенологиялық бөлмелер;

4) Күндізгі стационар;

5) Әкімшілік-шаруашылық бөлім;

6) Фельдшерлік-акушерлік бекеттер, медициналық бекет, жеке

қабылдау бөлмесі қарастырылмаған медицина қызметкерлері.

Ауылдық дәрігерлік амбулатории бекітілген нормативтерге сәйкес медициналық қондырғылармен, құрал-саймандармен, шаруашылық мүліктермен жабдықталады. Бұл медицина мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдық құжаттарына және нормативтік құқықтық актілерге, уставына және белгіленген жағдайына сүйене отырып өз жұмысын ұйымдастырады. Дербес ауылдық дәрігерлік амбулаториидің құқықтық тұлға ретінде дөңгелек мөрі, арнайы бұрыштамасы және атауы жазылған бланкасы болады. Бұл мекеме белгіленген тәртіпке сай өз жоспарын құрастырып, қызметі туралы есебін береді, есепке алу құжаттарын жүргізеді. Осы жұмыстың бәрін денсаулық сақтау органдары тағайындайтын және босататын бас дәрігер (аға дәрігер) ұйымдастырады.

Ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің екінші кезеңі – аудандық денсаулық сақтау мекемелерінде басталады. Олардың қатарында: орталық аудандық аурухана, номерлі аудандық аурухана, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станция, туберкулезге қарсы диспансер, медициналық-санитарлық бөлім, аудандық инфекциялық аурухана, аудандық перзентхана бар. Аудандық медицина мекемелері аудан орталығында орналасады. Бұл жердегі ең маңызды және жетекші медициналық мекеме орталық аудандық аурухана болып табылады. Осы мекемеде ауыл тұрғындарына негізгі дәрігерлік мамандықтар бойынша медициналық көмек беріледі. Бұл мекеме ауданның барлық емдеу-профилактикалық мекемелеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік тұрғыда жетекшілік жасайды. Орталық аудандық аурухананың негізгі міндеттеріне аудан және аудан орталығы тұрғындарын білікті мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз ету, аудандағы денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын оперативтік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тұрғыда басқару, аудандық денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық тұрғыда жабдықталуын, жоспарлау және қаржыландыру жұмыстарын қамтамасыз ету, медициналық көмек сапасын арттыруға және тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған шараларды жасау және жүзеге асыру жұмыстары жатады. Қуаты жағынан орталық аудандық аурухананың 6 категориясы бар. Төсек-орындар саны бойынша 100 ден 400 деиін орындық ауруханалар жұмыс атқарады. Алайда қалалық елді мекендерде орналасқан аудан орталығында орта есеппен 270 орындық орталық аурухана, ауылдық елді мекенде – 165 төсек-орындық аурухана салынады. Аудан орталығында орналасқан орталық аудандық ауруханадан басқа әкімшілік аумақта номерлі аудандық аурухана да ұйымдастырылуы мүмкін. Олар орталық аурухананың филиалы ретінде жұмыс істейді және олар жеке мамандандырылған медициналық көмектерді көрсетеді. Орталық аудандық аурухана орналасқан елді мекенде ауылдық учаскелік аурухана қарастырылмайды. Сондықтан бұл елді мекеннің тұрақты тұрғындарына орталық аудандық аурухана мен емхана қызмет көрсетеді. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері бүкіл ауданның бас дәрігері болып есептелінеді. Ол аурухананың жұмысын басқарады, оның профилактикалық, емдеу, диагностика, шаруашылық, әкімшілік, қаржылық істерін ұйымдастырады, ауданның барлық денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысына басшылық етеді. Бас дәрігер осы жұмыстарды ұйымдастыруда өзінің ұйымдастыру-әдістемелік, балаларға және әйелдерге босануға көмектесу, медициналық істер жөніндегі орынбасарларына сүйенеді. Денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын оперативті басқару мақсатында бас дәрігердің жанынан медициналық кеңес ұйымдастырылады. Оның құрамына аудандық денсаулық сақтау жүйесінің жауапты қызметкерлері кіреді.

Денсаулық сақтау жүйесі мекемелерін ұйымдастырушылық-әдістемелік тұрғыда басқару үшін ұйымдастырушылық-әдістемелік бөлме мен басты дәрігер-мамандар тағайындалады. Бұл бөлменің мамандары ауылдық дәрігерлік учаскелерде орналасқан денсаулық сақтау мекемелеріне шығып, емдеу, профилактика, диагностика жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес береді, денсаулық сақтау мекемелерінің сапалық көрсеткіштерін зерттейді, медициналық көмек сапасын арттыруға бағытталған шаралардың жоспарын жасайды және дәрігерлердің біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастырады.

Аудан дәрігерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында орталық аудандық ауруханада клиникалық-анатомиялық конференциялар, семинарлар, кеңестер, лекциялар мен баяндамалар ұйымдастырылып, бас мамандардың күшімен дәрігерлерді жаңа диагностика, емдеу, профилактика және реабилитация әдістерімен таныстырып отырады. Фельдшерлік-акушерлік бекеттің орта буынды медициналық қызметкерлері өз біліктіліктерін орталық аудандық аурухананың қабырғасында арттырады. Ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық стационарлық көмек 10-15 мамандық бойынша ұйымдастырылады. Оны жүзеге асыру мақсатында орталық аудандық ауруханада терапевтік, хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық, педиатриялық, травматологиялық және ортапедиялық, урологиялық, оториноларингологиялық, неврологиялық, психиатриялық, стоматологиялық, дерматовенерологиялық, офтальмологиялық, инфекциялық аурулар бойынша бөлімдер мен палаталар ұйымдастырылады. Қажетті жағдайда ауданаралық мамандандырылған бөлімшелер де ұйымдастырылуы мүмкін.

Ауылдық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басым бағыты ретінде амбулаторлық-емханалық көмекті одан ары жетілдіру жұмыстары қарастырылған. Ауылдық дәрігерлік учаскелерде жаңа терапевтік, педиатриялық учаскелер ашылуда. Медициналық көмектің жылжымалы түрлері, оның ішінде жылжымалы дәрігерлер бригадалары, стоматологиялық бөлімшелер, тіс протезі бөлмелері мен зертханалары ұйымдастырылуда. Ауылды жерде жедел медициналық көмекті дамытуға да көптеп көңіл бөлінуде. Жылдан жылға ауылдық дәрігерлік учаскені дәрігерлермен және орта буынды медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету ісі қарқынды жүзеге асырылуда. Жас дәрігер-мамандардың ауылды жерге тұрақтануын жеңілдету мақсатында жергілікті әкімшіліктер оларды тұрғын үймен және коммуналдық көмекпен тегін қамтамасыз етуде. Олардың белсенділігін арттыру үшін көтерме қаржы көзі де қарастырылған.

Ауыл тұрғындарына көрсетілетін көмектің үшінші кезеңі облыстық және республикалық ауруханаларда жүзеге асырылады. Осы мекемелерде атқарылатын жұмыстар мыналар:

- тұрғындарды жоғары дәрежеде мамандандырылған емханалық және

стационарлық көмекпен қамтамасыз ету;

- облыс аумағындағы барлық емдеу-профилактикалық мекемелердің

жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек беру;

- мамандандырылған көмек беретін барлық медицина мекемелерінің

емдеу-профилактикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік

жұмыстарын үйлестіру;

- санитарлық авиация мен автокөліктерді пайдаланып, ауыл

тұрғындарына білікті маман-дәрігерлердің жедел медициналық

көмегін көрсету;

- облыстық емдеу-профилактика мекемелерінің статистикалық есепке

алу, есеп беру жұмыстарын бақылау және басқару;

- облыстық ауруханада және барлық емдеу-профилактикалық

мекемелерде берілетін медициналық көмек сапасын сараптау мен

басқару;


- облыстағы тұрғындардың сырқаттылығын, мүгедектігін, жалпы және

балалар өлімін сараптау;

- денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған шараларды

құрастыруға қатысу және үйлестіру;

- емдеу-профилактика мекемелерінің қол жеткізген озық

тәжірибелерін қорытындылау және жергілікті медицина

мекемелерінің жұмысына ендіру. Оның ішінде емдеу, профилактика,

диагностика және реабилитация жұмыстарындағы жаңа әдістер мен

технологияларды тәжірибеге енгізу ерекше орын алады;

- облыстық емдеу-профилактикалық мекемелердің дәрігер мамандары

мен орта буынды медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

шараларын жүзеге асыру жұмыстары бар.

Сонымен бірге облыстық аурухана емдеу-профилактикалық, ғылыми ұйымдастыру, әдістемелік және оқу орталығы ретінде қызмет көрсету аумағының жетекші медицина мекемесі болып табылады. Облыстық аурухананың қуаты жергілікті тұрғындардың санына байланысты қалыптастырылады. Оның төсек-орын саны 300 ден 800 дейін жетеді. Негізінен облыстық аурухананы 700-800 орындық етіп ұйымдастырған өте тиімді. Осындай ауруханада барлық қажетті мамандықтар бойынша бөлімшелері болады. Облыстық аурухананың құрамында міндетті түрде мынандай құрамдық бөлімдер болуы тиіс, оның ішінде:

- стационар;

- кеңес беру емханасы;

- емдеу-диагностикалық бөлімдер, бөлмелер және зертханалар;

- ұйымдастыру-әдістемелік бөлім және медициналық статистика

бөлімшесі;

- шұғыл және жоспарлы-кеңес беру бөлімі қарастырылуы қажет.

Бас дәрігердің немесе ұйымдастырушылық-әдістемелік бөлімнің жанынан оперативтік бөлімше ашылуы мүмкін. Бұл бөлімше әкімшілік-шаруашылық қызметтердің басым бөлігін игереді. Соңғы кездерде осы бөлімнің құрамында сапаны басқару тобы ұйымдастырылуда. Бұл топтың құзырында күнделікті жұмыста стандарттар мен талаптарды сақтау жұмыстарын қадағалау кіреді. Облыстық аурухана құрамында пансионат ұйымдастырылды. Онда алыстан емделуге келген науқастар өздерінің ауруханада тексерілуге қажетті уақтысында тұрады. Кеңес беру емханасында облыстық аурухананың ең білікті дәрігер мамандары жұмыс істейді. Олар науқастарға медицинаның ең басты мамандықтары бойынша кеңес береді, диагнозын нақтылайды, қажетті зертханалық тексеруді ұйымдастырады және оларды ауруханаға жатқызу мәселесін шешеді.

Емхананың қуатына қарай елді мекен тұрғындарына кеңес алу үшін шақыру жібереді. Осылайша ауыл тұрғындары қажетті мамандандырылған дәрігерлік көмекке қол жеткізеді.

Облыстық аурухананың кеңес беру емханасына келген науқастардың қолында ауданда барынша жетік және толыққанды тексеруден өткендігін дәлелдейтін нәтижелер болуы қажет. Егер науқас облыстық ауруханаға тексеру нәтижелерінсіз келсе, онда оны кеңес беру емханасында тексеруге мәжбүр болады. Сондықтан науқас дер кезінде қажетті стационарлық көмекті ала алмайды. Егер аурудың халі өте нашар болса, онда облыстық аурухананың кеңес беру емханасының мамандары аудандық аурухана дәрігерлерінің шақыруы бойынша ауданға шығады және науқасқа оның төсек-орнында тексеру өткізіп, емдік шараларды тағайындайды. Науқастарды облыстық ауруханаға жатқызу қабылдау бөлім арқылы жүзеге асырылады. Кеңес беру емханасы әрбір тексеруден өткен науқасқа медициналық қорытындысын береді. Онда аурудың диагнозы, емдеу шаралары және науқасқа емдеу шараларын одан ары жүргізу жолдары көрсетіледі. Бұл медициналық қорытынды ауылдық учаскелік және аудандық аурухана дәрігерлеріне жіберіледі. Кеңес беру емханасында аудандық аурухана берген диагнозда кеткен әрбір қателікті талқылайды. Аудандық ауруханада жүргізілген тексеру барысында жіберілген қателіктерді сараптайды. Осы сараптаудың қорытындысы бойынша аудандық ауруханалар мен емханалардың емдеу-профилактикалық жұмысын жақсартуға бағытталған ұсыныстары бар мәлімет хат жасалады және аудандық дәрігерлердің күнделікті жұмыстарында қолдануға ұсынады. Жедел және жоспарлы медициналық кеңес беру бөлімінде:



  • Облыстық ауруханада және ауданның шақыруы бойынша науқастарға жедел және жоспарлы-кеңес беру жұмысын ұйымдастырады;

  • Науқастарды облыстық мамандандырылған медицина мекемелеріне тасымалдауды, аурудың өмірін сақтауға қажетті медициналық дәрілер мен құралдарды жедел жеткізуді қамтамасыз етеді;

  • Ауданға медициналық көмекке жіберілген бригадалармен тоқтаусыз байланысты қамтамасыз етеді. Осы мақсатта санитарлық авиация мен автокөліктер пайдаланылады.

Жоғарыда аталған қызметтерді атқару үшін облыстық аурухана санитарлық көлікпен, арнайы хирургиялық, гинекологиялық құралдармен, қан құюға арналған қондырғылармен толыққанды қамтамасыз етілді. Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс облыстық аурухана бөлімдерінің негізгі міндеттерінің біріне жатады. Сондықтан аурухананың әрбір бөлімшесі аудандық емдеу-профилактика мекемелерінің дәрігерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмегін береді.

Бұл жұмысты ұйымдастыру-әдістемелік бөлімге тапсырылады. Сонымен қатар, бұл бөлімге жүктелетін жұмыстарға жататындар:



  • емдеу-профилактика мекемелерінің жұмыс көлемі мен сипатын зерттеу;

  • облыстық денсаулық сақтау мекемелеріне ұйымдастыру-әдістемелік және емдеу-кеңес беру жұмыстары бойынша көмектесу;

  • облыс тұрғындарының денсаулық көрсеткіштерін зерттеу;

  • дәрігерлердің біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру;

Дәрігерлердің біліктілігін арттыруда аудандық, ауданаралық, жалпы дәрігерлік және мамандандырылған ғылыми-тәжірибелік конфернциялардың маңызы өте үлкен. Дәрігерлердің біліктілігін арттыруда медициналық жоғары оқу орындарында ұйымдастырылатын арнайы курстардың да маңызы бар.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет