Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Сурет-59. Жалпы орта білім беретін мектептің оқушылардың



Pdf көрінісі
бет137/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   303
 
Сурет-59. Жалпы орта білім беретін мектептің оқушылардың 
дүниетанымын қалыптастырудың тәрбиелік жүйесі 
 
Мектеп өзі тұжырымдамасына сай тәрбиелік және дидактикалық кіші 
жүйелер бір-біріне әсер етіп толықтыру немесе жол бере отырып, өзара
қарым-қатынас жасап, өзіндік педагогикалық жүйе құрайды. 
Мектептегі тәрбие жұмысының өзегін тек бағдарлама, іс-шаралар, әдістері 
мен формалары ғана құрамайды, сонымен қоса ол бала, жеткіншек, жасөспірім 
арқылы сипатталатын педагогикалық істің жоғары мақсаты мен мәніне тәуелді. 
Олардың жеке қызығушылығы, бейімі, өзіндік мінез-сипатымен бірге өз қадірін 
сезінуін дамыту керек. Тәрбиеленушілердің қызығушылығынан жоғары рухани 
қажеттіліктеріне қарай өтуі тәрбие ережесіне айналуы қажет. 
Тәрбие жүйесі оқу процесіне қажет қосымша болып қана қоймай, қазіргі 
жағдайда шоғырландырушы рөлді орындай отырып, білім беру мекемесінің 
жұмыс істеуінің ең маңызды шарты болып табылады.
60-суретте жалпы орта білім беретін мектептегі тәрбие жұмысының 
бағыттары ашылды. 
Педагог 
мамандармен 
үйлесімділік 
жүйесі 
Қоғамдық ұйым, 
бірлестіктер
жүйесі 
Сыртқы ықпал 
ететін ортамен 
байланыс 
Ынтымақтастықта 
жұмыс
жасайтын
мекемелер
Ата-аналармен 
жүргізілетін 
жұмыстар 
Тәрбие жүйесін 
үйлесімді 
басқару 
құрылымы 


155 
Сурет-60. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы тәлім-
тәрбиелік жұмыстардың бағыттары 
 
Тәрбие жүйесінің ерекшеліктері: 

дүниетанымдық мәселелердің айқындылығы;

тәрбие мазмұнының мәдениеттанушылық негізделуі;

әлеуметтік мәні бар ортаның болуы;

өзара ынтымақтастық қарым-қатынастарды дамыту;

өзін-өзі басқарудың болуы. 
Тәрбиеленушінің өз еркі болмай, тәрбие жұмыстарын дамыту, бірлесе 
жұмыс істеу идеяларын іске асыру мүмкін емес. Тәрбие жүйесі еріксіз 
ұйымдастырылса, ол тәрбиеленушіге де, тәрбиешіге де кері әсерін тигізеді. 
Егер тәрбиешілер тәрбиеленушілердің қызығушылығына, асқақ арманына, 
азаматтық және жолдастық міндеттеріне, өзбеттілігі мен шығармашылығына 
сүйенсе, сонда тәрбиеленушілердің тәрбиеге деген ықылас-ынтасы оянады. 
Жеке тұлғаның бойында ғылыми дүниетанымды 
қалыптастыру бірнеше 
кезеңдер арқылы жүзеге асады.
61-суретте адамгершілік тәрбиесінің сапалық белгілері көрсетілді. 
 
Ғылыми дүниетанымның
сапалық белгілері: 
• адамгершілік сезім: тұрақты сезімталдық, адамгершілік қатынастарды 
бастан өткізуі; 
• адамгершілік сана: моральдық принциптер, әлеуметтік ортада өзінің 
адамгершілік нормасын сезінуі; 
• сындарлы ойлау: адамгершілік принциптерді тұрақты жинақтау, оймен 
қорыту, жағдаяттарды білу, оларға талдау жасау, баға беру, шешім қабылдау, 
жауапты тандай білу және оны жүзеге асыру; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет