Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Тәрбие процесін ізгілендірудің шарттары



Pdf көрінісі
бет140/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   303
Тәрбие процесін ізгілендірудің шарттары: 

тәрбие процесі жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру бағытында өтеді; 

тәрбие процесі ішкі мотивацияға негізделеді, сыртқы мотивацияны 
ұйымдастыруы 
мен 
тиімді 
үйлесуі, 
тұлғаның 
ішкі 
сұранысын 
қанағаттандырады; 

тұлғаны дамыту біртұтастықта жүреді, оның интеллектуалды, 
физикалық, эстетикалық дамуын бірлікте қарастырады; 

тәрбиелеу тұлғаның өз бетімен іс-әрекетіне негізделеді, себебі әрбір 
тұлғаның қабылдау, меңгеру, есте сақтау қабілеттері мен мүмкіндіктері әртүрлі; 


158 

тәрбиелеу ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға арқа сүйейді, 
тұлғаның психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері толық ескеріледі. 
Тәрбие мазмұны ұғымы. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен 
мазмұнының өзара байланысы. Тәрбие мазмұнының қоғамдық сана мен 
құндылық ұстанымға тәуелділігі.
Тәрбиенің мақсаты – қоғамға аса қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, 
еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасқан, эстетикалық талғам сезімі 
мен дене күші мығым, белсенді, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани 
ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, 
өмірлік позициясы айқындалған, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан
зияткер тұлғаны дамытып қалыптастыру (62-сурет). 
 
Сурет - 62. Тәрбиенің сипаттамасы 
 
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім 
адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы 
шығыс ғұламасы, философ әбу Насыр әл -Фараби бекерден айтпаған болса 
керек. 
Тәрбие – күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, 
тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі 
бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет