Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Сабаққа қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет228/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   303
Сабаққа қойылатын талаптар 
Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
 
- білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге ықпалын 
анықтау; 
-
оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай, 
оқушылардың білім деңгейлеріне қарап сабақты жоспарлау, оқушылар 
меңгерген ғылыми білімдерді, іскерлік дағдыларды аңықтап отыру; 
- оқытудың тиімдірек әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау, 
оқушыларды ынталандыру, меңгеру барысын бақылау, танымдық белсенділікті 
арттыру, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін ұштастыру, өзіндік жұмыстарды 
ұйымдастыру; 
- оқыту принциптерін тиімді қолдану; 
- оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау. 
Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар: 
- оқу пәні және нақты сабақ арқылы әр оқушының дамуын жобалау; 
- оқушыларды дамытатын психологиялық-педагогикалық құралдарды, 
әдістемелік тәсілдерді іздестіру; 
- оқушылардың репродуктивтік және шығармашылық жұмыстарының 
көлемін анықтау, жұмылдыра білу; 
- ақыл-ойының дамуы; 
- жеке және жаппай жұмыстар жүргізу;
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру; 
- оқушыларға жеке тапсырмалар беру; 
- әрбір оқушының белсенді оқуына жағдай жасау. 
Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар: 
- қалыпты температураның болуы; 
- ауаны тазартып тұру; 
- жарықтың болуы; 
- балаларды шаршатпау; 
- іс-әрекетті түрлендіріп отыру;
- сергіту сәтін уақытында және сапалы өткізу; 


248 
- оқушылардың жұмыс істеген кездегі дұрыс қимыл-қозғалыстары; 
- сынып жиһаздарының оқушының дене бітімдеріне сәйкес келуі және 
оның өсуіне ықпалы. 
Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар: 
- сабақтың әсерлілігі, оқуға қызығушылықты және білімге деген 
сұранысты арттыруы; 
- сабақтың қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы 
жұмыстарының нәтижелілігі; 
- мұғалім мен оқушы арасында жұмыс барысында пайда болатын тығыз 
байланыс. Әр оқушыға сенім білдіру; 
- мұғалім көңілінің көтеріңкілігі, белсенді шығармашылық жұмыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет