Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет240/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   303
Саяхат сабағы – 
белгілі бір мақсатқа жету үшін, аялдамаларға тоқтап, 
көздеген жерге серуендеп бару негізіне құрылған сабақ. Саяхат сабағы 
«Ертегілер еліне», «Математика патшалығына», «Ғарыш әлеміне» және т.б. 
болып кете береді. 
Шығармашылық сабақ
оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне 
баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап 
алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың 
оқушылары сол тақырып бойынша сөзжұмбақ құрса, 3-4 топтың оқушылары 
олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, ертегі 
құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды. 
Зерттеу сабақтары

Зерттеу сабақтары оқуды ғылыми жұмысқа 
жақындатады. Оқушылар баяндама тақырыптарын өздері таңдап, шағын 
зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижелері бойынша сөз сөйлеуге әзірленеді. 
Зерттеу сабақтарын симпозиум, конференция түрінде өткізуге болады, онда 
мұғалім бір мәселені тұжырымдайды, ал оқушылар сол мәселені шешу туралы 


258 
өздерінің ұсыныстарын алдын ала жазып келіп қорғайды. Зерттеу сабақтары 
туралы оқушыларға алдын ала хабарланады. Оқушылар сұрақтар әзірлеп, 
мәселені талқылауға әзірленеді. Баяндамашыға мұғалім, не мамандар кеңес 
береді.
Зерттеу сабақтарында бірнеше баяндама оқылады, ғылыми жоба 
талқыланады. Баяндаманы оқуға 7-10 минут бөлінеді, содан соң тыңдаушылар 
баяндамашыларға сұрақтар беріп, сын-пікірлер айтады және қосымшалар 
еңгізеді. 
Зерттеу 
сабағының 
соңында 
мұғалім 
қорытындылап, 
баяндамашылардың жұмыстарын, белсенді шығармашылық көрсеткен 
тыңдармандарды атап өтеді. Өз мәліметтерін келтірген, әдеби деректермен 
шектелмеген оқушылардың жұмыстарына ерекше назар аударылады. 
Зерттеу сабақтарында оқушылар түрлі көзқарастарды талдап, өз пікірлерін 
айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет