Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет243/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   303
Параметрлік талдаулар
білім беру процесі ақпараттары негізінде 
байқалатын құбылыстардың себеп-салдарын анықтауға мүмкіндік береді. 
Параметрлік талдау жасауда мектеп директоры мен оның орынбасарлары 
ЖОСПАР
Ұзақ мерзімді
жоспар
Орта мерзімді
жоспар
Қысқа мерзімді
жоспар


261 
сабақтарға және сыныптан тыс сабақтарға қатысуды жоспарлайды. Параметрлік 
талдау нәтижелерін тіркеп, оларды жүйелеу және саналы меңгеру тақырыптық 
педагогикалық талдауға өтуді негіздейді.
Тақырыптық талдау
 
педагогикалық процестердің өзіндік компоненттері 
бойынша іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді талдау барысында тұрақты, 
қайталанып отыратын байланыстарды, тенденцияларды анықтауға ықпал етеді. 
Параметрлік талдау бір сабақ немесе бір тәрбиелік шаралар бойынша 
жүргізілетін болса, тақырыптық талдау сабақтар немесе шаралар жүйесі 
бойынша жүргізіледі.
Қорытынды талдау
тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында жүргізіліп, 
негізгі нәтижелерді анықтауға бағытталады.
Педагогикалық талдаудың негізгі объектілерінің бірі – сабақ болып 
табылады. Сабақты талдау толық, қысқа және аспектілі талдаулар болып 
бөлінеді.
Сабақты толық педагогикалық талдауда
сабақтың барлық элементтері 
мен мүмкіндіктері қамтылады. Мұндай талдаулар еңбек жолын жаңа бастаған 
мұғалімдердің немесе проблемалы мұғалімдердің жұмысын талдауда 
қолданылады.
Қысқаша талдау 

 
сабақтан соң тез арада жүргізіледі, бірақ толық 
соңғысы деп айтылмайды. Ол басқа талдауларға жол ашады. Сабақ бақыланады, 
сабақтың мақсатына жеткен жетпегендігі бағаланады және болжанға нәтижемен 
жұмыстан соңғы нәтиже салыстырылады.
Сабақты қысқа талдау мұғалім тұлғасын, әдістемелік және басқару 
ерекшеліктерін жақсы білуді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет