Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


оқушылардың оқу жетістігінің сипаттамасы. Оқушылардың



Pdf көрінісі
бет258/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   303
 оқушылардың оқу жетістігінің сипаттамасы. Оқушылардың 
іс-әрекет нәтижесін бақылаудың мақсаты мен қағидалары. Оқу іс-
әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалау қызметтері: бақылаушылық, 
ынталандырушылық, дамытушылық, білімдік, үйретушілік, тәрбиелік. 
Қазақстан Республикасында баға қоюдың жаңа жүйесін енгізудің мақсаты 
– орта мектепте оқыту сапасын жоғарылату, мектеп бітірушілер алатын білімді 
халықаралық стандарттарға сәйкестендіру болып табылады. 
Бағалау барысында жоғарыда аталған жағдайлардың орындалуы бала 
құқығын 
теңгереді, 
танымдық 
белсенділігінің 
деңгейін 
арттырады, 
эмоцияналдық байсалдылық және өз мүмкіндіктерін сенімділікті сақтауына 
ықпал етеді.
Бағалау 
(ағылш. – assessment →size (көлемін анықтау, көбінде 
салықтың) →sed/sit – отыру (ақпарат беріп көмектесу) – бұл оқыту нәтижесінде 
оқушылар нені біліп түсінді және осы білім-түсініктерін қалай қолдана 
алатынын терең түсіну үшін түрлі дерек көздерінен ақпаратты жинақтау және 
талдау процесі. 
Бағалаудың екі әдісі пайдаланылады: 
сыртқы бағалау және ішкі баға
лау.
 
Сырқы бағалау білім жүйесіндегі мемлекеттік бақылау Білім департаменті 
басқармасының органы арқылы жүзеге асырылады. 
Сыртқы бағалаудың 
мақсаты 
– оқушылардың шынайы қол жеткізген нәтижелері мен жалпыға 
міндетті білім беру мемлекеттік стандартында бекітілген оқытудың 
жоспарланған нәтижелері аралығындағы сәйкестікті белгілеу. 
Оқушылардың оқу жетістіктерін мемлекеттік бақылау білімнің бастауыш, 
негізгі және жоғарғы сатыларында жүргізіледі. 
Сыртқы бағалау оқушылардың игерген білім, білік, дағдыларды игеру 
деңгейін өлшеу үшін білім саласында Қазақстан Республикасының орталық 
атқарушы органымен әзірленіп, мазмұны, процедурасы және тексеру әдісі 
стандартталған тапсырмалар жүйесі пайдаланылады. 
Оқыту сапасының ішкі бағалауы білім беру ұйымдарын тікелей жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет