275
Аталмыш бағалау білім жетістіктері нәтижелерінің деңгейіне жүйелі түрде
бақылауды қамтамасыз етеді.
Оқушылардың игерген білім, білік, дағдыларды игеру деңгейін бағалау
жинақтаушы және қалыптастырушы болып бөлінеді.
Қалыптастырушы бағалау
– нақты оқушыға бағытталған. Ол
оқушылардың білімнің нақты элементін игерудегі кемшіліктерін айқындап, оны
толық нәтижелікпен толтыруға бағытталған.
Қалыптастырушы бағалау жеке
тақырыптарды игеру барысында оқу тоқсанының ағымында іске асырылады.
Жинақтаушы бағалау
– оқушының оқу тоқсаны және оқу жылындағы
білімін нақты игеру қорытындылары бойынша жетістіктерінің деңгейін
белгілеуге бағытталған.
Бағалау критерийлері
– дағдыны дамыту үшін жоспарланған нәтижеге
жетудің сипаттамасы.
Жалпы орта білім беру құрылымын жаңарту білім беру процесіне
қатысушылардың талабын, мүмкіндігі мен
қызығушылығын толық ескеруді,
оқыту сатылары бойынша оқу материалдарын бірдей бөлуді, оқытуды
дараландыруға жағдай жасауды көздейді.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда
төмендегідей бақылау
түрлері қолданылады:
-
күнделікті:
(сабақ сайын) – нақты сабақтың оқу материалын меңгеру
нәтижелерін қадағалау;
-
тақырыптық
: оқу бағдарламасының түйінді тақырыптары бойынша
білім мен біліктерді білім алушылардың меңгеру нәтижелерін қадағалау;
-
жалпылай:
тоқсан соңында немесе
жартыжылдық жеке оқу курсы
бойынша білім алушылардың пәндік білімді және іс-әрекет тәсілдерін (біліктер
мен құзырлықтарды) меңгеру нәтижелерін қадағалау.
Жалпы орта білім беретін мектептерге критериалды бағалауды енгізу
төмендегілерге мүмкіндік береді:
-
оқушылардың оқу жетістігін бағалауда бірыңғай стандартталған
тұрғыдан
қолдануға, ол бағалаудың анықтығын және айқындығын қамтамасыз
етуге;
оқушының дамуын жылдар динамикасында бағалау үшін салыстыратын
деректердің болуына.
Достарыңызбен бөлісу: