Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет261/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   303
Бақылау құралдары
 
– тест, бақылау жұмысы, емтихан, сынақ, 
мемлекетаралық бақылау, олимпиада, байқаулар және т.б. болып табылады. 
Соңғы кезде оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылауда көбінесе тест әдісі 
қолданылады.
Мектепішілік бақылау мазмұнына кіретін мәселелер: 
а) оқу жоспары мен оқу бағдарламалары, олардың орындалуы; 
ә) сабақ берудің және оқудың жағдайы; 
б) жаңашыл мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелерін оқып үйрену, 
тарату және оқу-тәрбие процесіне енгізу; 
в) тәрбие жұмыстарын бүгінгі өмір талаптарына сәйкес басқару; 
г) әдістемелік жұмыстар; 
д) ата-аналар және жұртшылықпен жүргізетін жұмыстар; 
е) педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдердің орындалуын тексеру. 
Оқу-тәрбие процесін бақылаудың бірнеше түрлері бар:

жаппай
,
мысалы, барлық сыныптарда жүргізілетін жазба бақылау 
жұмыстары және т.б.;


277 

тақырыптық
 
– оқу жұмыстарының кейбір жақтарын арнайы тақырып 
бойынша тексеру;

дербес 
– кейбір оқушының іс-әрекетін, жұмысын бақылау; 

топтық 
– топтың іс-әрекеттерімен танысып бақылау. Бақылау тиімді 
болу үшін нәтижелі тексеру керек.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау механизмі
1.
Әрбір пән бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда 
оқу іс-әрекетінің белгілі бір деңгейіне сәйкес белгіленген ауқымда баға 
қойылады.
2.
Нақты оқу пәнін оқыту ерекшелегіне сәйкес білім алушылардың оқу-
танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесін 
бағалау
үшін бақылаудың ауызша, 
жазбаша дәстүрлі түрлері мен формалары, сондай-ақ тестілер және тағы 
басқа 
бақылаудың 
интерактивті түрлері қолданылуы мүмкін. Әрбір білім 
саласы бойынша немесе жеке пән бойынша оқыту нәтижелерінің нақты 
көрсеткіштері (критерийлері) жасалады. 
3.
Сабақ сайын білім алушыларды оқыту нәтижелерін бағалау оқу іс-
әрекетінің деңгейіне сәйкес белгіленген баға ауқымы аясында бір сабақ 
аумағында жинақталған балдардың орташа арифметикалық мәнін анықтау 
арқылы жүзеге асырылады.
4.
Кезеңдік бағалау қандай да бір бөлімді оқып үйренгеннен кейін, 
сондай-ақ жартыжылдықтың және оқу жылының соңында бақылау жұмыстарын 
өткізу арқылы жүзеге асады. 
Жоғары оқу орындарына түсуге талапкерлерді іріктеу байқауын өткізу 
кезінде ҰБТ қорытынды нәтижелерінен басқа, жалпы орта білім туралы 
аттестаттағы барлық пәндерден алған бал түріндегі межелік бағалар, сондай-ақ, 
портфолиода жинақталған нәтижелер ескеріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет