Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет264/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   303
Портфолио
(portfolio – 
ағылшын сөзі

портфель маңызды құжаттар үшін 
арналған папка деген мағынаны білдіреді. Шетелдің жаңа сөздігінде портфолио 
визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни, адам туралы ақпарат, ұйымның 
белгілі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп түсіндіреді.
Ғалым Г.М.Коджаспирова бойынша, «Портфолио дегеніміз 

оқушы 
немесе мұғалімнің оқып білім алу және басқа да салалардағы жетістіктерін 
тіркейтін, жинақтайтын, бағалайтын және қорытындылайтын жүйе, тәсіл». 
Портфолиоға педагогика ғылымында түрліше анықтама беріледі: 
1) жазба жұмыстарын, құжаттарды сақтауға және тасымалдауға арналған 
құрал; портфель; іс папкасы; 
2) бір тақырыпқа біріктірілген жұмыстар сериясы, құжаттар, құнды 
қағаздар портфелі, суреттер папкасы; 
3) оқушылардың бір немесе бірнеше салада жеткен жетістіктерін, 
талпыныс, ізденістерінің үдемелі жақсаруын көрсететін мақсатты бағытталған 
жұмыстарының коллекциясы (Д.Мейер); 
4) оқушының белгілі бір уақыт аралығында оқудағы жеке жетістіктерінің 
жинағы мен бағасын тіркеу тәсілі; 
5) оқушының білім, білік, дағдыларына мониторинг жасауға арналған 
жүйелі, арнайы жинақталған дәлелдемелер жинағы; 
6) оқушының жеке жетістіктері мен тәжірибесін рәсімдеп көрсететін сан 
алуан ақпараттарды жинақтайтын жұмыс папкасы. 
Портфолионың 
мақсаты – оқушының білім алу процесіндегі 
жетістіктерін басқа оқушылардың жетістіктерімен тікелей салыстырмай оның 
жеке-дара прогресін бақылау. 
Портфолио келесі педагогикалық міндеттерді шешуге көмектеседі: 
оқушының оқу мотивациясын қолдау және ынталандыру; олардың белсенділігі 
мен дербестігін, оқу мен өзіндік оқу мүмкіндіктерін кеңейту; оқушылардың өз 
іс-әрекетін рефлексивті және бағалаушылық (өзін-өзі бағалауын) дағдыларын 
дамыту; оқу іскерлігін қалыптастыру – мақсат қою, өзінің оқу іс-әрекетін 
ұйымдастыру және жоспарлау. 
Жалпылай алғанда, портфолио оқу жоспарының бір немесе бірнеше 
саласы бойынша оқушылардың күш-жігерін, дамуы мен жетістігін мақсатты 


280 
түрде жинақтап көрсететін жұмыстар жинағы болып табылады. Мазмұны 
бойынша портфолио негізгі 3 түрге бөлінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет