Жалпылау –
объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға
мүмкіндік беретін ойлау әдісі.
Салыстыру
–
таным әдісінің көп қолданылатын түрі. «Барлығы
салыстыруда танылады» деп бекер айтылмаған. Салыстыру көріністер мен
пәндердің ұқсастықтарын анықтауға көмектеседі.
Болжау
зерттеушінің қатынасынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру
жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады.
Ұқсастыру (аналогия
)
–
объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы
негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға мүмкіндік беретін таным әдісі.
Басқаша айтқанда, аналогия ғылымның бір саласындағы қатынастардың оның
екінші саласына транспозициялануы.
Эксперименттік-эмпирикалық зерттеу
(грек сөзі
«empeiria»
– тәжірибе)
дегеніміз
–
педагогикалық заңдылықтарды тәжірибеде, іс жүзінде қолдану.
Эмпирикалық зерттеу әдістерінің түрлері:
Бақылау-зерттеу: тікелей, жанама, тұтас, ашық, жабық, үзік, үздіксіз,
дискретті, моногрфиялық, бір бағытты;
Сұрақ-жауап әдістері: әңгіме-сұхбат, сұхбат-әңгіме, сауалнама (анкета);
интервью; тест жүргізу; педагогикалық құжаттармен танысу; оқушылардың
жазбаша, шығармашылық, графикалық жұмыстарын тексеру.
Өлшеу әдістері:
шкалалау, кесінділер алу, тест алу.
Мәліметтерді өңдеу әдістері:
математикалық, статистикалық,
графикалық, таблицалық.
Бағалау әдістері:
рейтинг, педагогикалық консилиум.
Практикаға нәтижені ендіру әдістері:
эксперимент, тәжірибелік
оқыту, жаппай ендіру (42-сурет).
Нақты мәліметтерді жинақтау әдістері:
Бақылау
–
заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды
іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл
ақпаратқа талдау жасау, зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен
белгілері туралы мәлімет алу.
Тікелей бақылау
. Зерттеуші-мұғалім оқу-тәрбие жұмысының тікелей
басшысы, сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұрып бейтарап адам және
зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кірген кезде тікелей бақылау
жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |