Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет170/326
Дата12.01.2022
өлшемі6,12 Mb.
#23977
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   326
Байланысты:
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

16

AVL-жүйелерді  нақты  іске  асыруға  өзінің  құрамына    орналасқан 
жерін  анықтаудың  бірнеше  тәсілдерін  қамтамасыз  ететін 
техникалық  құралдар  жиі  кіреді.  AVL-жүйе  қолданылатын 
географиялық аймақтың көлемінен тәуелді, ол:  
■ 
стационарлық,  яғни,  шағын  қолданылу  радиусына 
есептелген, ол негізінде дистанциялық сүйемелдеу жүйелеріне тән; 
■ 
аймақтық, 
оның 
қолданылуы, 
әдетте, 
елді 
мекендердің, облыстың, өңірдің шекараларымен белгіленген; 
■ 
жаһандық  болуы  мүмкін,  ол  үшін  қолданылу  аймағы 
бірнеше  мемлекеттердің,  құрлықтардың  аумағын, 
бүкіл  жер 
шарының аумағын құрайды. 
Орнын  анықтау  функцияларын  іске  асыру  тұрғысынан  AVL-
жүйелері  орнын  анықтаудың  дәлдігі  және  деректерді  нақтылау 
мерзімділігі  сияқты,  осындай  техникалық  параметрлермен 
сипатталады. Әлбетте, бұл параметрлер AVL-жүйесінің  қолданылу 
аймағынан  тәуелді.  Қолданылу  аймағының  мөлшері  неғұрлым  аз 
болса,  орнын  анықтаудың  дәлдігі  соғұрлым  жоғары  болуға  тиіс. 
Солай, қала аумағында қолданылатын аймақтық жүйелер (сонымен 
қатар  жағдайдың  тұрлаусыздық  аймағы  деп  аталатын)  үшін  100-
ден 200 м дейін  орнын анықтау дәлдігі жеткілікті болып саналады. 
Кейбір арнайы жүйелер бірнеше метрге дейін дәлдікті талап етеді, 
жаһандық  жүйелер  үшін  бірнеше  километрге  дейін  дәлдік 
жеткілікті болады.  Аймақтық диспетчерлік жүйелер үшін сағатына 
5-тен  2  ретке  дейін  ЖҚ  орналасқан  жері  туралы  деректерді  алу 
ұтымды  болып  саналуы  мүмкін.  Дистанциялық  сүйемелдеу 
жүйелері  минутына  1  -2  рет  жаңарту  жиілігіне  дейін    ақпаратты 
жаңартудың үлкен жиілігін талап етеді.  
AVL-жүйелерінде  пайдаланылатын  ОЖА  әдістерін  үш  негізгі 
санаттарға  бөлуге  болады:  аймақтық  әдістер,  навигациялық 
есептеу әдістері және радиожиілік бойынша ОЖА әдістері. Қазіргі 
заманғы 
 
жағдайларда 
шынайы 
пайдаланылуы 
мүмкін, 
аппаратураның  және  орнын  анықтау  жүйелерінің 
негізгі 
ерекшеліктерін қарастырамыз. 
Жақындату әдістерінің базасындағы жүйелер. Дәл орналасқан жері 
жүйеге  белгілі  БП  жеткілікті  көп  саны  арқылы  қала  аумағында 
бақылау  аймақтарының  желісі  құрылады.  ЖҚ  орналасқан  жері  ол 
БП  өткен  кезде  анықталады.  БП  танылған  жеке  коды  борттық 
аппаратураға  беріледі,  ол  деректерді  берудің  қосымша  жүйесі 
арқылы  осы  ақпаратты,  сондай-ақ  өз  сәйкестендіру  кодын 
деректерді  басқару  және  өңдеудің  қосымша  жүйесіне  жібереді. 
Осылайша, тура жақындау әдісі іске асырылады.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет