Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет171/326
Дата12.01.2022
өлшемі6,12 Mb.
#23977
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   326
Байланысты:
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

16

Алайда,  іс  жүзінде  жақындаудың  инверсиялық  әдісі  жиі 
қолданылады — ЖҚ табу және сәйкестендіру онда орнатылған БП 
қабылдағышына  өз  жеке  кодын  беретін  белсенді,  пассивті  немесе 
жартылай  белсенді  қуаты  аз  радиомаяктар  арқылы  немесе 
объектінің,  мысалы,  автомобильдердің  нөмірін  оқу  мен  танудың 
оптикалық  аппаратурасы  арқылы  жүзеге  асырылады.  БП  алынған 
ақпарат  бұдан  әрі  деректерді  басқару  мен  өңдеудің  қосымша 
жүйесіне  беріледі.  Мысалы,  осы  технология  үлкен  жүкті 
автокөліктерінің  жұмысын  бақылау  және  басқару  функциясын 
жүзеге асыратын, «Сопот» МОМЖ пайдаланылды (5.2-сурет).  
Аймақтық  жүйелер  үшін  орналасқан  жерін  анықтаудың  дәлдігі 
және  деректерді  жаңартудың  мерзімділігі  жүйенің  қолданылу 
аумағы бойынша БП орналасу тығыздығынан тікелей тәуелді екені 
айқын.  Жақындау  әдістері  көптеген  БП  басқару  және  бақылау 
орталығына  деректерді  берудің  қосымша  жүйесін  ұйымдастыру 
үшін,  байланыстың  дамыған  инфрақұрылымын,  ал  оптикалық  оқу 
әдістерін пайдаланған жағдайда —  БП күрделі аппаратураны талап 
етеді. Сондықтан,  осы әдістер, әсіресе үлкен аумақтарды қамтитын 
жүйелерді  құрған  кезде  өте  қымбат  болып  табылады.  Бір  уақытта 
жақындаудың  инверсиялық  әдістері    борттық  аппаратураны    — 
радиомаяктың  көлемдерін    минимизациялауға  не  автомобильге 
орнатылатын аппаратурасыз істі тындыруға мүмкіндік береді. Осы 
жүйелердің  негізгі  қолданылуы  –  автомобильдерді  күзетуді 
кешенді қамтамасыз ету, автомобильді  айдап кеткен кезде, іздеуді 
қамтамасыз ету.  
Осы жүйемен жабдықталған айдап кеткен автомобильдің Ресей ІІМ 
МЖЖҚИ  постына  жақындауын  тіркеуді  қамтамасыз  ететін 
«КОРЗ-ГАИ»  жүйесі  ұқсас  жүйенің  үлгісі  болып  табылады. 
Мәскеуде  қаладан  шығатын  барлық  посттарды  осындай 
5.2-сурет.  Жақындау әдісіне негізделген мобильді объектілердің 
мониторингі жүйесі сәулетінің фрагменті 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет