Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет172/326
Дата12.01.2022
өлшемі6,12 Mb.
#23977
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   326
Байланысты:
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

16

аппаратурамен жабдықтау болжанған еді.  
Еуропада  1970-80  жылдарда  Philips  және  Cotag  International  Ltd 
фирмаларымен  (Ұлыбритания)  әзірленген 
таңдаулы  табу, 
сәйкестендіру  және 
ЖҚ  ОЖА  жүйелері  белсенді  енгізілді. 
Электромагниттік  ілмектер  түріндегі  БП  антенналары 
жол 
төсемінде  тікелей  орналастырылады.  ЖҚ  жартылай  белсенді 
импульсті  радио  жауап  қайтарғыш  орнатылады,  ол  оған  ілмектің 
электромагниттік  өрісі  әсер  еткенде  қосылады.  Қазіргі  уақытта 
еуропа  елдерінде  ANANDA  Holding  AG  компаниясы  белсенді 
әрекет етеді. 1992 жылдан бастап Еуропа мен Мексикада ұрланған 
автомобильдердің 
орналасқан 
жерін 
анықтауға 
арналған 
INMED/VOLBACK  жүйелері  кең  ашылды.  Бақылау  пункттері  
бірыңғай  жалпы  еуропалық  желіге  байланысты.  БП  желісі 
Жапонияда  ең  дамыған,  сонымен  қатар  онда  жалпыұлттық  желі 
құрылған.  Ол  арқылы  тікелей,  сондай-ақ  инверсиялық  жақындау 
жүйелері  жүзеге  асырылады.  Қазіргі  уақытта  Еуропа  мен 
Жапонияда    жақындау  әдісін  іске  асыратын  және  автомобиль 
нөмірлерін  оптикалық  оқу  мен  тануға  негізделген,  ОЖА 
жүйелерінің екінші буыны енгізіледі.
  
Радиожиілік  бойынша  орналасқан  жерін  анықтау  әдістері.  ЖҚ
 
орналасқан  жері  ЖҚ  үш немесе  одан  артық  радиомаяктарға 
дейін  қашықтықтар  айырмасын  өлшеу  арқылы  анықталады. 
Осы  әдістер  тобын  шартты  түрде  екі    шағын  топқа  бөлуге 
болады: 
жылжымалы 
объектінің 
бортында 
арнайы 
радиосигналдарды 
қабылдау 
нәтижелері 
бойынша 
координаттарын  есептеуді  іске  асыратын  әдістер  (тікелей 
немесе  инверсиялық  радио  навигацияның  әдістері)  және 
радио  пеленгация  әдістері,  онда  ЖҚ  абсолюттік  немесе 
салыстырмалы  орналасқан  жері  стационарлық  немесе 
мобильді  қабылдау  пункттерінің  желісімен  онымен 
сәулеленетін радиосигналды қабылдау кезінде анықталады.  
Радио  пеленгация  әдістері.  Қала  аумағы  бойынша  бөлінген 
пеленгаторлар  желісі  арқылы  немесе  пеленгацияның 
мобильді  құралдары  арқылы  радио  хабарын  таратқыш 
маяктармен  жабдықталған  ЖҚ  орналасқан  жерін  қадағалау 
мүмкін.  
Радио  пеленгация  әдістеріне  негізделген  AVL-жүйесінің 
үлгісі ретінде  «ГИПС» жүйесін (жаңа аты «СКИФ») санауға 
болады.  Жүйенің  жұмыс  істеу  қағидасы  ЖҚ,  стационарлық 
радио  қабылдағыш    орталықтарының  желісіне  шағын 
габаритті радиомаякпен сәулеленетін сигналды қабылдаудан 
және  триангуляция  әдісімен  ЖҚ  жағдайының  белгісіздігі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет